Басты бет Негізгі бет

Негізгі бет

«Ақынмын сөзі жетер сан ғасырға…» атты студенттер айтысы

Абай атындағы ҚазҰПУда «Ақынмын сөзі жетер сан ғасырға…» қалалық онлайн студенттер айтысы өтті. Хәкім Абайдың 175 жылдығына және Оразалы Досбосыновтың 45 жылдығына арналған аталған аламанға Алматы қаласындағы жоғарғы оқу орындарынан 10 қатысты. Айтысты ашып берген уиверситет ректоры, айтыс жанашыры Тақир Оспанұлы Оразалының шығармашылығын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған барлық шараларға қолдау көрсететін және алдағы жылы Жыр алыбы […]

КӨҢІЛ АЙТУ

         Семейдегі «Наркескен» ақындар мектебінің жетекшісі, ақын Съезбек Сембайұлы Сүлейменов дүниеден өтті. С.Сүлейменов 1971 жылы дүниеге келген. Ұлттық өнер айтыстың дамуына сүбелі үлес қосып, жас ақындар даярлауда қажырлы еңбек етті. Ринат Заитов, Әсем Ережеқызы, Сара Тоқтамысова, Фархат Маратұлы, Қарлығаш Әубәкірова, Ержан Жұмабек, Саягүл Бірлесбек сынды бір топ ақынға ұстаз болып, аламанға қосты. […]

«Қызылжар аламаны» айтысы үздік жоба атанды

Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен өткен «Рухани қазына-2020» республикалық байқауының қорытындысы бойынша «Қызылжар аламаны» телевизиялық ақындар айтысы «Үздік мәдениет үйі мен сарайының онлайн жобасы-2020» номинациясы бойынша ҮЗДІК ЖОБА деп танылып, 500000теңге көлемінде сертификатпен марапатталды.      Еске сала кетсек, «Қызылжар аламаны» телевизиялық ақындар айтысы карантин кезінде үш айдан астам уақыт бойы халықтың рухы мен еңсесін […]

Айтыскер Баянғали Әлімжановтың кітабы ағылшын тілінде жарыққа шықты.

Айтыскер ақын Баянғали Әлімжановтың орыс тілінде жазылған » История столетия» кітабы Ұлыбританияда кеңінен танылып, ағылшын баспасынан «А HUNDRED YEARS ON THE STEPPE» деген атпен жарық көрді. Ағылшын тіліне аударылған кітапты Еуразиялық шығармашылық гильдиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап novoetv.kz сайтынан оқуға болады. Автор негізінде кітапты ХХ ғасырдағы күрделі тарихи трагедия және адам қуаныштары туралы бір адамның […]

Аспанбектің кітабы жарық көрді.

Баянауыл ауданының құрметті азаматы, » Алтын домбыра» иегері, Павлодарлық айтыскер ақын Аспанбек Шұғатаевтың жеке кітабы жарыққа шықты. «Жердегі Аспан сөйлесе» деген атпен шыққан бұл кітапта ? Аспанбек Шұғатаевтың айтыстары мен өлеңдері топтастырылған.? Құрметті оқырман! Айтыскер ақын Аспанбектің *»Жердегі Аспан сөйлесе»* кітабына ? қызығушылық танытсаңыз, тапсырыс беруге болады! *Тапсырыс беру үшін:* ↙️ Төменде көрсетілген *8(777)-993-33-88* номеріне […]

Жүрсін Молдашұлы ЕРМАН профессор атағын алды.

      Халықаралық айтыс ақындары мен жыршы термешілер одағының төрағасы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ақын Жүрсін Ерманға М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «құрметті профессоры» деген ғылыми куәлік табысталды.

Қызылжарда аламан айтыс өтті.

  Бірнеше айға созылған телевизиялық облыстық «Қызылжар аламаны» ақындар айтысы мәресіне жетті. Айтыстың негізгі мақсаты: еліміздегі төтенше жағдайға байланысты халықтың рухы мен еңсесін көтеру. Ақтық сында Есіл ауданының жүйріктері Жұмабек Рахимов пен Абзал Жұмабек сөз бәйгесіне түсіп, оған Халықаралық айтыс ақындары мен жыршы термешілер одағының төрағасы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ақын Жүрсін Ерман бастаған қазылар […]

Олжас Отар- Кірістер органдарының үздігі

Мемлекеттік кірістер күніне орай қаржы саласында қызмет атқарып жүрген айтыскер ақын Олжас Асангелдіұлы Отар «МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ОРГАНДАРЫНЫҢ ҮЗДІГІ» төсбелгісімен марапатталды.    Ақынымызды марапатымен құттықтаймыз! Қызметте абырой биігінен көрінуіне тілекшіміз.

Нұрмат Мансұров- мәдениет үйінің директоры.

  Мансұров Нұрмат Абдоллаұлы  Қызылорда қалалық мәдениет Үйі, клубтар және халықтық ұжымдар» МКҚК қарасты М.Ералиева атындағы мәдениет үйінің директоры қызметіне тағайындалды. Нұрмат Абдоллаұлы 1985 жылы 24 наурызда Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, С. Сейфуллин ауылында туылған. Жоғары білімді: Қызылорда қаласының Қазақ Заң Гуманитарлық университеті «Әділ сот және сот төрелігі» факультетінің түлегі. 2006 жылы облыстық Халық шығармашылығын […]

Мұхтар Ниязов жаңа қызметке тағайындалды.

  Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің келісімі негізінде Қызылорда қаласы әкімінің өкімімен 2020 жылғы 10 шілдеден бастап Мұхтар Мәуленұлы Ниязов қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды. Мұхтар Мәуленұлы 1985 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. 2007 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін тәмамдаған. 2018 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің педагогика […]