Басты бет Негізгі бет

Негізгі бет

Аспанбектің кітабы жарық көрді.

Баянауыл ауданының құрметті азаматы, » Алтын домбыра» иегері, Павлодарлық айтыскер ақын Аспанбек Шұғатаевтың жеке кітабы жарыққа шықты. «Жердегі Аспан сөйлесе» деген атпен шыққан бұл кітапта ? Аспанбек Шұғатаевтың айтыстары мен өлеңдері топтастырылған.? Құрметті оқырман! Айтыскер ақын Аспанбектің *»Жердегі Аспан сөйлесе»* кітабына ? қызығушылық танытсаңыз, тапсырыс беруге болады! *Тапсырыс беру үшін:* ↙️ Төменде көрсетілген *8(777)-993-33-88* номеріне […]

Жүрсін Молдашұлы ЕРМАН профессор атағын алды.

      Халықаралық айтыс ақындары мен жыршы термешілер одағының төрағасы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ақын Жүрсін Ерманға М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «құрметті профессоры» деген ғылыми куәлік табысталды.

Қызылжарда аламан айтыс өтті.

  Бірнеше айға созылған телевизиялық облыстық «Қызылжар аламаны» ақындар айтысы мәресіне жетті. Айтыстың негізгі мақсаты: еліміздегі төтенше жағдайға байланысты халықтың рухы мен еңсесін көтеру. Ақтық сында Есіл ауданының жүйріктері Жұмабек Рахимов пен Абзал Жұмабек сөз бәйгесіне түсіп, оған Халықаралық айтыс ақындары мен жыршы термешілер одағының төрағасы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ақын Жүрсін Ерман бастаған қазылар […]

Олжас Отар- Кірістер органдарының үздігі

Мемлекеттік кірістер күніне орай қаржы саласында қызмет атқарып жүрген айтыскер ақын Олжас Асангелдіұлы Отар «МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ОРГАНДАРЫНЫҢ ҮЗДІГІ» төсбелгісімен марапатталды.    Ақынымызды марапатымен құттықтаймыз! Қызметте абырой биігінен көрінуіне тілекшіміз.

Нұрмат Мансұров- мәдениет үйінің директоры.

  Мансұров Нұрмат Абдоллаұлы  Қызылорда қалалық мәдениет Үйі, клубтар және халықтық ұжымдар» МКҚК қарасты М.Ералиева атындағы мәдениет үйінің директоры қызметіне тағайындалды. Нұрмат Абдоллаұлы 1985 жылы 24 наурызда Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, С. Сейфуллин ауылында туылған. Жоғары білімді: Қызылорда қаласының Қазақ Заң Гуманитарлық университеті «Әділ сот және сот төрелігі» факультетінің түлегі. 2006 жылы облыстық Халық шығармашылығын […]

Мұхтар Ниязов жаңа қызметке тағайындалды.

  Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің келісімі негізінде Қызылорда қаласы әкімінің өкімімен 2020 жылғы 10 шілдеден бастап Мұхтар Мәуленұлы Ниязов қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды. Мұхтар Мәуленұлы 1985 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. 2007 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін тәмамдаған. 2018 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің педагогика […]

Болатбектің кітабы жарыққа шықты.

«ТОЙ мен ОЙ» Бұл кітапта Болатбек Мейірбекұлы өзінің 15 жылдық той жүргізу тәжірибесі барысында пайдаланған сөздік қоры мен әлі де жарыққа шықпаған сценарийлерін топтастырған. Алайда бұл кітап тек асабаларға, болмаса сол жолға талпынып жүрген жас өнерпаздарға ғана арналған дүние деп қарауға болмайды. Мұнда жалпы тойшыл қазақтың көнеден келе жатқан дәстүр-салттарының біршамасына тереңірек тоқталып, оның шығу […]

Дидар жеңімпаз атанды.

Қарағанды өңірі бойынша «Арқа Құрылыс» ЖШС директоры Серік Базарбеков, «Матан» ЖШС директоры Мұрат Жадаев, «Қоғалы-көл» шаруа қожалығының басшысы Жанболат Жуанышбаевтың демеушілігімен «Орталық» жазба айтыс ұйымдастырып, оған айтыскер ақындардан Тілеген Әділов, Төлеген Жаманов, Дидар Қамиев, Айнұр Жаппарқұлова, Ботагөз Мұхидден, Сырым Нығызбаев және жазба поэзияның өкілдерінен Руслан Нұрбай, Қайрат Асқаров, Саят Тұяқбаев, Салтанат Смағұлтегі, Қуаныш Аманқұл, Мақсат […]

Көңіл айту

⊗ Қызылордалық айтыскер ақын, білікті журналист Сәкен Орынбасарұлы бүгін жол апатынан мәңгілік сапарға аттанды. Бірнеше республикалық айтыстың жүлдегері болған, радио саласында белсене жұмыс атқарып, өз ісінің маманы болған бауырымыздың артында қалған қарындасы айтыскер ақын Жібек Шахмарданқызына, анасына, жұбайына, ұл-қыз, жақындарына қайғырып көңіл айтамыз. Жаназасы ертең 19.06.2020ж сағат 10:00 (батыс уақытымен) Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Келінтөбе […]

Айтыскер ақын Айбек Қалиев Ахмет Байтұрсынұлының туған жеріне қатысты ұсыныс жасады

«Жақында Ұлт руханиятының көсемі Ахаңның туған жері (Қостанай облысы Жангелді ауданы) Ақкөлге барып қайттым. Ахаңның кіндік қаны тамған Сарытүбектегі үйіне де кірудің сәті түсті. Осыдан он шақты жыл бұрын сол жердегі Ақкөл, Қарасу ауылдарының тұрғындары асар жасап, Сарытүбектегі Ахаң туған үйді қалпына келтірген болатын. Қарасу ауылының тұрғындарымен пікірлестік. Ахаңның ұрпақтары біраз өкпе-реніштерін айтты. Ахмет Байтұрсынұлының […]