Басты бет Айтыскер ақындар

Айтыскер ақындар

ЖҰМАТАЕВ Ермек Орынбасарұлы

ЖҰМАТАЕВ Ермек Орынбасарұлы      1967 жылы Алматы облысы Жамбыл ауданы, Саурық ауылында дүниеге келген. Саурық атындағы орта мектебін бітірген. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетін тәмамдаған.     Еңбек жолын 1988 жылы Жамбыл аудандық мәдениет үйінің автоклуб меңгерушісі болып бастаған. Бүгінде Қарасай аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы болып қызмет атқарады. Отбасылы, 4 баласы […]

ТҰРСАНОВ Махамбетқали

 ТҰРСАНОВ  Махамбетқали        1937 жылы 1 ақпанда Қызылорда облысы Шиелі ауданыМұстафа Шоқай ауылында (бұрынғы Бірінші Мамыр) туылған. Шиелі ауданында мәдениет салаларында көп жылдар бойы еңбек етіп, әсіресе, облыста айтыс өнерінің дамуына, баба мұрасын ұрпақтардың жалғастыруына мол үлес қосқан.       1974 жылдан Шиелі ауданы Бәйгеқұм бекетінде кәсіптік техникалық училищеде, кеңшарларда сан салалы […]

ОРАЛОВА Кәрима

  ОРАЛОВА Кәрима Датанқызы        1973 жылы 30 қыркүйекте Ордабасы ауданы, «Бадам» стансасында туған. 1980-1988 жылдары Бадамдағы Қ.Мұңайтпасов атындағы сегіз жылдық, 1988-1990 жылдары С.Сейфуллин атындағы орта мектебінде білім алған. 1990-1994 жылдары Шымкент педагогикалық мәдениет институты (қазіргі М.Әуезов атындағы ОҚМУ) музыка-педагогикалық факультетінің музыка мұғалімі мамандығын алып шықты.         Өнер жолын 1989 жылы бастады. […]

ТҰРСЫНБАЕВА Айнұр

 ТҰРСЫНБАЕВА Айнұр           1977 жылы 1 мамырда Семей облысы Ақсуат ауылында дүниеге келген. Бірнеше мәрте республикалық, халықаралық ақындар айтысына, Францияда, Түркияда, Қытайда, Моңғолияда өткен ақындар айтысына қатысып, жүлделі орындарға ие болған. «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты.       Жамбыл Жабаевтың 150 жылдығына байланысты Алматы қаласында өткен халықаралық ақындар айтысының бас жүлдегері. Астана қаласында […]

ШҰҒАТАЕВ Аспанбек

  Шұғатаев Аспанбек Ерікұлы     1989 жылы 19 ақпанда Павлодар облысы Баянауыл ауданы, Баянауыл ауылында дүниеге келген. Айтысқа алғаш 12 жасында шықкан. Бірнеше облыстық, республикалық айтыстардың жүлдегері, женімпазы.

Бұдабай ҚАБЫЛҰЛЫ (1842-1912)

Бұдабай Қабылұлы   (1842-1912)        1842 жылы Қызылорда облысы  Шиелі ауданы Жөлек ауылында туып, 1912 жылы сонда қайтыс болған.  Айтыс ақыны. Бұдабай өткір сөзді ақын, терме, толғау, мақтау, сынау, сөзге шебер дарынды дүрдің бірі. Оның алғаш ақын ретінде танылуы Қарлығаш деген қызбен айтысынан басталады. Жастайынан өлең-жырға әуес Бұдабай шығармаларының біразын жазып қалдырған. Өлеңдерінің […]

ОРАЗЫМБЕТ Бөрібай (Ақ-Бөрі Қыдыр)

  ОРАЗЫМБЕТ Бөрібай Қыдырбекұлы  (Ақ-Бөрі Қыдыр)        1954 жылы 18 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысының Жетісай өңірінде туылған. Қазақ елінің абыз ақсақалы Д.А. Қонаевтың ақ батасын алған айтыскер ақын. 1991 жылы Маңғыстаудағы Қашағанның 150 жылдық мерей тойында ел оған Ақ-БӨРІ есімін берген.       Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының І, ІІ құрылтайының делегаты. Халықаралық айтыстар мен мүшәйралардың […]

СЕЙТҚАЗИНОВ Мұқаш

Мұқаш СЕЙТҚАЗИНОВ                   1956 жылы Қарағанды облысы Ұлытауда туған. Жезқазған педогогикалық институтын бітірген (1981).  Орта мектеп мұғалімі, ұжымшар ұйымының хатшысы, кәсіподақ комитетінің төрағасы, ауыл әкімі қызметтерін атқарды. Ұлытау ауданы әкімінің аппаратында бөлім меңгерушісі болды. Алматыда өткен Наурыз айтысының (1989), Қазақстанның 70 жылдығына арналған республикалық айтыстың (1990), Шымкент […]

АСҚАРОВ Ерік

АСҚАРОВ Ерік (1959-2003)        1959 жылы Солтүстік Қазақстан облысы М. Жұмабаев ауданы (бұрынғы Булаев) Дүйсеке ауылында дүниеге келген. Қазақ драма театры жанындағы актерлік студияны, Алматы мемлекеттік театр- көркемсурет институтын, Көкшетау гуманитарлық университетін бітірген. Бірқатар өлеңдері «Қарлығаш», «Жетіген» ұжымдық жинақтарына енді. «Көгілдір», «Қазақстан ғасыры», «Астана жұртын айналсам» жыр жинақтары жарық көрді.

ХАЛИОЛЛА Бауыржан

 ХАЛИОЛЛА Бауыржан Ергенұлы              1979 жылы Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Қособа ауылында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің түлегі (1997-2001). «Жұмбақ қыздың жанары» («Жазушы» баспасы, 2001), «Нәзік бұлт көшіп барады» (Орал, 2005) атты жыр жинақтарының авторы. Бірнеше халықаралық, республикалық айтыстардың жеңімпазы, жүлдегері.           […]