Басты бет Айтыскер ақындар XІX ғасырдағы айтыс ақындары

XІX ғасырдағы айтыс ақындары

Бұдабай ҚАБЫЛҰЛЫ (1842-1912)

Бұдабай Қабылұлы   (1842-1912)        1842 жылы Қызылорда облысы  Шиелі ауданы Жөлек ауылында туып, 1912 жылы сонда қайтыс болған.  Айтыс ақыны. Бұдабай өткір сөзді ақын, терме, толғау, мақтау, сынау, сөзге шебер дарынды дүрдің бірі. Оның алғаш ақын ретінде танылуы Қарлығаш деген қызбен айтысынан басталады. Жастайынан өлең-жырға әуес Бұдабай шығармаларының біразын жазып қалдырған. Өлеңдерінің […]

Майлықожа Сұлтанқожаұлы (1835-1898)

      Майлықожа Сұлтанқожаұлы (1835-1898) — қазақтың халық ақыны (суырып салма ақын). Қазiргi Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданының Қожатоғай ауылында дүниеге келген. Ауыл молласынан сауат ашып, ескіше хат таныған. 14 жасында әкесiнен айырылған ақын тағдыр тауқыметiн көп көрiп, терме-толғаулар шығарып айтыс өнерiне бет бұрады. Ұлдары Асан, Жолбарыс, Исабек әке жолын қуған сөз шеберi апайтөс ақындар […]

Нұрлыбек Баймұратов (1887-1969)

Нұрлыбек Баймұратов бұрынғы Семей облысы Бесқарағай ауданында, «Семьяр» деген ауылда дүниеге келген. Ел арасында айтыскер ақын, жалынды жыршы болып танылған ол Ұлы Отан соғысы жылдары халыққа рух беретін отты жырларымен кең танылған. Ол алғаш үлкен айтыс сахнасына 1922 жылы Исамен,  1939 жылы Нартаймен, 1943 жылы Маясармен, 1944 жылы Төлеумен сөз сайысына түскен. 1938 жылы Алматыда […]

Сара Тастанбекқызы (1878-1916)

Сара Тастанбекқызы 1878 жылы қазіргі  Талдықорған облысының төңірегінде, Ақсу өзені бойында  дүниеге келген. Әкесі Тастанбек  кедей шаруа,  ағаштан түйін түйген шебер болған. Бірақ әкесінен  жастай жетім қалған Сара  бауыры Сақаримен  бірге анасы Жаншөкенің  тәрбиесін көреді. Әкелерінің інісі, ел ішінде палуан атанған Жайсаңбек деген жігіт қолы қысқа болса да бұларға бас-көз болып жүреді. Алайда жастай ауыр […]

Әсет Найманбайұлы (1867-1923)

Әсет Қарқаралы уезінің Темірші болысына қарайтын 8-ші ауылда (қазіргі Жезқазған облысы, Қоңырат ауданы, Қызыларай ауылы) туған.Осы маңдағы Керегетас, Қызыларай таулары мен Қаршығалы өзенінің бойы Әсеттің ата мекені болған.

Шашубай Қошқарбайұлы (1865 – 1952)

Шашубай Қошқарбайұлы 1865 жылы қазіргі Қарағанды облылысы Ақтоғай ауданы Қоңырат ауылында туған халық ақыны, әнші, сазгер. Жасынан домбыра, сырнай, гармонь тартып, ән салуға, өлең шығарып айтуға, серілік құруға әуестенген. Біржан сал, Ақан сері, Балуан Шолақ, Мәди, Ғазиз сияқты Арқаның атақты әнші, сал-серілерімен кездесіп, тәлім-тәрбие алған. Шашубайдың цирктік өнермен де атағы шығып, серілікпен ауыл аралап, ел […]

Көкбай Жанатайұлы (1861-1925)

(1861, Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Шыңғыстау бөктері Тақыр ауылы – 1925, сонда) – ақын, ағартушы, Абайдың әрі шәкірті, әрі інісі. Абайдың “Жаз”, “Күлембайға” деген өлеңдері тұңғыш Көкбай қолымен 1888 – 89 ж. “Дала уалаяты газетінде” жарияланды. Көкбай бала кезінде хат танып, үш жылдай Төлетай молдадан дәріс алған соң, Семейдегі Қамали қазірет медресесінде, уездік училищеде […]

Мұрат Мөңкеұлы (1843-1906)

Мұрат ақын ХІХ ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген ақындардың ішіндегі ең көрнектілерінің бірі. Ол 1843 жылы қазіргі Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Қарабау деген жерде туған. Мұрат жас шағында әкеден жетім қалып, ағасы Матайдың тәрбиесінде өседі. Болашақ ақын ауыл молдасынан оқып, зеректігі арқасында тез арада мұсылманша хат таныған.

Жамбыл Жабаев (1846-1945)

Жабаев Жамбыл– қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы. Туған жері – Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының етегі. Топырақ бұйырған жері – Алматы облысының Ұзынағаш елді мекені. Шыққан тегі – Ұлы жүз Шапырашты тайпасының ішіндегі Екей руы. Жамбылдың өсіп-өнген топырағында ән-күй, ақындық –жыраулық өнер айрықша биікке көтерілген. М. Әуезовтың «қазақ халқында ерекше дамыған […]

Кемпірбай Бөгембайұлы (1834-1895)

Кемпірбай Бөгембайұлы 1834 жылы қазіргі Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында туып, 1895 жылы қайтыс болған. Оның әйгілі ақындар Шөже,Тезекбай, Әсет, Жәмшібаймен айтыстары халық арасына кең тараған. Кемпірбайдың Шөжемен айтысының аяғы жұмбақ айтысқа айналады. Кемпірбайдың Жәмшібаймен сөз қағысы ру айтысының дәстүрінде өтеді.