Басты бет Айтыскер ақындар XІX ғасырдағы айтыс ақындары

XІX ғасырдағы айтыс ақындары

Сүйінбай Аронұлы (1815-1898)

Аронұлы Сүйінбай – қазақтың әйгілі ақыны, айтыс өнерінің майталман жүйрігі. Туып-өскен жері Алматы маңы, Жамбыл ауданына қарасты Қарақыстақ елдімекені. Осы өңірден топырақ бұйырған. Шыққан тегі – Ұлы жүзШапырашты тайпасының ішіндегі Екей руы. Шежіре дерегі бойынша арғы атасы Күсеп дәулескер қобызшы болған. Күсептен Арон, одан Сүйінбай туған. Сүйінбайдан туған Малыбай, Бағыжан, Жетібай есімді балаларының ұрпағы өсіп-өнген.