Басты бет Айтыскер ақындар Қазіргі заман айтыс ақындары

Қазіргі заман айтыс ақындары

НАУШАБЕКОВ Жарқынбек

 НАУШАБЕКОВ Жарқынбек Абазбекұлы      1976 жылы 12 қаңтарда ОҚО Сарыағаш ауданы Ақтөбе ауылында дүниеге келген. 1993 жылы орта мектепті, 1997 жылы Арқалық қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық институтты бітірген. Айтыс өнеріне мектеп жасынан араласқан. Алғашқы ірі жеңісі, 1992 жылы Шымкент облыстық жас ақындар айтысының бас жүлдесін жеңіп алған. Республикалық, халықаралық ақындар айтысының бірнеше дүркін жеңімпазы. 2008 […]

БАЙДӘУЛЕТОВ Мамыр

 БАЙДӘУЛЕТОВ Мамыр Байментайұлы        1970 жылы 25 сәуірде Қызылорда облысы Сырдария ауданы Ақжарма ауылында дүниеге келген. №130 Абай атындағы орта мектепті бітірген. Қорқыт Атат атындағы университеттің «Дәстүрлі өнер, жыр» кафедрасын тәмамдаған. 1991 жылдан бастап облыстық газетке топтама өлеңдері шыққан.        Ең алғаш Манап Көкеновтың 70 жылдығына арналған ақындар айтысына қатысып (1997), «Студенттер […]

ӘДІЛОВ Тілеген

 ӘДІЛОВ Тілеген Елеусізбайұлы         1974 жылы 28 шілдеде Қарағанды облысы Ағадыр ауданы Ақшатау елдімекенінде дүниеге келген. Қармыс орта мектебінің түлегі (1981-1989), Кәсіптік техникалық училищені және1998 жылы Ө. Байқоңыров атындағы Жезқазған мемлекеттік университетін бітірген.         Бірнеше республикалық айтыстардың жеңімпазы, жүлдегері.

СҮЛЕЙМЕНОВ Шынберген

 СҮЛЕЙМЕНОВ Шынберген Байқараұлы         1975 жылы 28 шілдеде Қызылорда обылысы Арал ауданы Кызылжар ауылында дүниеге келген. Ең алғаш айтыс сахнасына 17 жасынан шығып, биік белестерді бағындырған.          Қызылорда обылысында өткен VІІ ақындар айтысында ІІІорын (1993), Зейнолла Шүкіров атындағы жүлде үшін өткен айтыста бас жүлде (1994), Арал қаласындағы ақындар айтысында І […]

РАЙЫСОВА Ханша

 РАЙЫСОВА Ханша Мұсабайқызы      1956 жылы 5 қазанда Алматы облысы Қапал ауданы Қоңыр ауылында дүниеге келген. 1989 жылдан бастап әртүрлі деңгейдегі жыр сайыстарына қатыса бастады. «Қазақ тілі қоғамы» ұйымдастырған республикалық айтыста бас жүлде (1990), Абайдың 150 жылдығына арналған Халықаралық айтыста ІІІ орын (1995) иеленген. ҚХР да, Ресейде, Өзбекстанда, сондай ақ облыс ауқымында өткен айтыстарда бірнеше […]

СЫЗДЫҚОВ Әбілхайыр

 СЫЗДЫҚОВ Әбілхайыр Әбілпәттаұлы     1971 жылы 23 қазанда Қызылорда облысы Жаңақорған кентінде туған. Аудан орталығындағы №3 мектеп-интернатты үздік бітірген. Қ. А. Иассауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті филология факультетінің түлегі (2004). 1988 жылдан бастап аудандық, облыстық айтыстарға қатыса бастаған. Қазақстанның Халық ақыны Манап Көкеновтің шығармашылық мектебін тәмамдап, өнер жолына бет бұрған. 1995 жылдан бастап бірнеше республикалық, […]

СӘРСЕНБАЕВ Сырымбек

 СӘРСЕНБАЕВ Сырымбек Жақсыбекұлы        1983 жылы 12 наурызда Атырау облысы Жылыой ауданы, Құлсары қаласында дүниеге келген. Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін 2005 жылы тарихшы мамандығы бойынша үздік дипломмен бітірген.            Айтысқа 2004 жылдан бастап қатысып, халықаралық, республикалық айтыстарда жеңімпаз және жүлдегер атанды. Маңғыстау облысындағы Форт-Шевченко қаласының 160 жылдығына арналған […]

ОТАР Олжас

 ОТАР Олжас Асангелдіұлы 1977 жылы 30 мамырда Жамбыл облысыТалас ауданы Бостандық ауылында дүниеге келген. Тараз қаласы бойынша салық басқармасында бөлім басшысы болып қызмет атқарады. 1991 жылдан бастап ақындар айтысына қатысып келеді.Қызылжар қаласында өткен республикалық айтыста үздік өнер көрсетіп, Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылына арналған аймақтық айтыстың лауреаты атағын иеленді (1998). Студент жастар арасында өткен «Жас […]

КӘРІПЖАН Аманғазы

 КӘРІПЖАН Аманғазы Әлімғазыұлы         1964 жылы 27 сәуірде бұрынғы Семей облысы Ақсуат ауданы Қызылкесік ауылында туған. «Ленин жолы» кеңшарына қарасты «Жас қанат» қой өсіруші комсомол-жастар бригадасында еңбек еткен (1981-1982). 1982 жылы С.М.Киров атындағы ҚазМУ-дің журналистика факультетіне сырттай түсіп, 1986 жылы күндізгі бөліміне ауысып, 1992 жылы тәмамдады. Аралық уақыттарда Алматыдағы құрылыс-монтаж басқармаларында бетоншы, ағаш […]

ІЗТІЛЕУ Асхат

ІЗТІЛЕУ   Асхат       1984 жылы 9 шілдеде Алматы облысы Балқаш ауданы Бақанас ауылында дүниеге келген. Бақанас ауылының №2 орта мектебінде (1990-1996), Қапшағай қаласындағы №1 қазақ-араб балалар интернатында тәрбиеленіп, Д.А. Қонаев атындағы №1 қазақ орта мектебінен білім алған (1996-2001). Ең алғаш осы мектеп қабырғасында жүріп сахнаға шығып, қалалық, аймақтық оқушылар айтысының жүлдегері атанған, «Жамбыл жұлдыздары» атты […]