Басты бет Ақындар деген екен…

Ақындар деген екен…

«Жақсылық пен жамандық»

        2012 жылы қазан айында Өскемен қаласында өткен аймақтық іріктеу айтысында жеребе сахнада тартылып, Балғынбек Имашевтің қарсыласы жас ақын Жақсылық Орынбасар болады. Жүрсін Ерман ақындарды сахнаға шақырып хабарлағанда Балғынбек жалғыз өзі шығып, қарсыласын біраз күтіп қалады. Кезек келе қояр деп ойламаған Жақсылық бір бөлмеде алаңсыз намаз оқып тұрып, өзін сахнаға шақырғанын кейін […]

Ахметжан айтыпты

        2012 жылы Байқоңыр қаласында аймақтық айтыс болып, Тараздың белгілі айтыскер ақыны Ахметжан Өзбеков пен қызылордалық жас ақын қыз Мөлдір Айтбай қызықты қыз бен жігіт айтысын жасайды. Сөз бастаған Ахметжан ақын: «Қарындас, сізбен болсын жұмысымыз, Бойжетіп өзгеріпті жүрісіңіз. Науқанға білек түріп кірісейін, Ораққа келіп қапты күрішіңіз» деп салған жерден тап береді. Оған жас […]

«Ет пе, қуырдақ па?»

        Тағы бірде Жүрсін Ерман жолаушылап келе жатып жанындағы адамдармен бір ауылдағы үйге құдайы қонақ болыпты. Көгілдір экраннан көріп жүрген адамды көзбен көргенде есі шығып кеткен үй иесі сасқа­лақтап «Жүке, қош келдіңіздер, сіздер­ге ет асайық па, әлде қуырдақ қуырып жіберсін бе?» деп жүгіріп жүр дейді. Сонда саспайтын Жүкең «Үйлеріңізде қазандарыңыз біреу-ақ па […]

«Диуана»

      Бірде Жүрсін Ерман мен жары Бақытжамал екеуі Астанаға келгенде досы, ақын Несіпбек Айтұлы үйіне қонаққа шақырады. Алыстан ат терлетіп келген қонақтарға арнайы қонақасы беріледі. Бір-бірін көптен көрмеген екі құрдас дастархан басында әдемі әзілдесіп отырады. Бір кезде Несіпбек жақында немересі үйленетінін айтып, Жүкеңе «Мен енді Алла бұйырса шөбере сүйіп ата емес – баба […]

«Люстра»

       Бір күні Қазақ радиосындағы Бас директор Жүрсін Ерманның кабинетінің алдында отыратын хатшы қыз қазіргі жастардың сән үлгісі бойынша екі құлағына үлкендігі өзінің басының жартысындай дөңгелек сырға тағып келіпті. Соны байқаған Жүкең: «Қарағым-ау, құлағыңа люстра тағып алғансың ба?» деген екен.

Бойымның микрофонға жетпегені-ай

Шымкентте қазақтың даңқты балуаны Қажымұқан Мұңайтпасовтың құрметіне республикалық деңгейде дүбірлеген айтыс өтеді. Айтысқа Алматы облысының атынан Есенқұл Жақыпбеков қатысады. Айтыстың соңында ақындарға жүлде тарату кезінде жүлдегерлер бір шумақтан өлең арнап кетіп жатады. 

Аздық етеді…

           Ақтаулық айтыскер ақын Нұрлан Мұсаев үйленіп, құдалық тойына Жүрсін Ерман ағамыз барады. Нұрланның қасындағы күйеу жолдасы қарынды, алып денелі, еңгезердей «нән» жігіт екен. Әлгі жігіт Жүрсін ағаны  көріп, амандасуға қасына келеді.

Жол ережесі мен ел ережесі

      Сыр еліндегі ақындардың ақсақалы, өтірік өлең айтысының шебері сырдариялық Замаддин Ибадуллаев бір кездері көлігімен келе жатып, бір келіншекті жаяу жүргіншілер жолынан өткізбей, жол ережесін бұзса керек. Мұны байқап қалған жол сақшысы ақынды дереу тоқтатып, қасына жетіп барады да:

Сізбен бірге ілесіп келмесе…

     Жетісудың сөзұстарлары Есенқұл Жақыпбеков, Ермек Жұматаев, Оразалы Досбосыновтар шариғатты жақсы білетін бір имамға барып уағыз тыңдап отырады. Уағыз қызған кезде имамның бірнеше шәкірті кешігіп келіп отырады. Сол сәтте