Басты бет Жаңалықтар

Жаңалықтар

Ж.Ерман: «Менің көңілімнен шықпаған ақын сахнаға да шықпайды»

«Қарақатпен шай» бағдарламасында – ел руханиятының дамуына атсалысып жүрген айтыс жанашыры, «Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің халықаралық Одағы» РҚБ төрағасы Жүрсін Ерман қонақта болып сұхбат берді. «Ақын айтысқа қашан келді? Бұрынғы айтыс пен бүгінгі айтыстың жағдайы қалай? Айтыс қаншалықты әділ өтеді? Айтыс академиясын ашқысы келе ме?» деген сынды сұрақтарға жауап берді

С.Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған халықаралық айтыстың бейненұсқасы

Қыркүйек айының 18-19 күндері Қарағанды қаласында С.Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған халықаралық ақындар айтысы өткен болатын. «Nur Otan» партиясы қолдау білдіріп, Қарағанды облысы әкімдігі ұйымдастырған сөз сайысына  18 ақын қатысқан. «Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің халықаралық Одағы» РҚБ төрағасы Ж. Ерман жүргізген екі күндік аламан айтыстың бас жүлдесін Мақсат Ақанов пен Жандарбек Бұлғақов иеленген болатын. Назарларыңызға сол […]

Батыстық үздік жыршы, термешілер анықталды

«Зейнолла Сәнік атындағы мәдениет қорының» бастамасы һам демеушілігімен, Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығының ұйымдастырумен кезекті іс-шарамыз сәтті, табысты әрі жоғары деңгейде өтті. Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарынан келген 18-40 жас аралығындағы 4 жыршы мен 4 термеші Жайық жұртын бабалардың бай рухани мұрасымен сусындатты. Тарихымыз бен тағылым дәстүрімізді көрсетіп, өткеннің өнегелі жолына […]

Кенен Әзірбаевтың 135 жылдығына арналған «Әнім қалсын» атты кеш өтті

Қазақ Ұлттық өнер университетінде Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Жастар жылы» аясында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі және облыс әкімдігінің қолдауымен халық ақыны, қазақтың әншілік-жыршылық өнерінің көрнекті өкілі, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері — Кенен Әзірбаевтың 135 жылдық мерейтойына арналған шығармашылық концерт өтті. Шығармашылық кешке ақынның ұрпақтары мен ҚР мемлекет және қоғам қайраткерлері, […]

Елордада тұңғыш рет республикалық тіл форумы өтіп жатыр

Елордада Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Жаһандану және ұлттану үдерісіндегі қазақ тілінің өміршеңдігі» атты республикалық тіл форумы өтіп жатыр. Тіл форумына еліміздің барлық өңірінен 250-ден астам өкіл, ҚР Парламентінің депутаттары, мемлекеттік орган, ұлттық компания басшылары, зиялы қауым өкілдері және білім, ғылым, бизнес, БАҚ, сондай-ақ басқа да сала мамандары қатысуда. Мәдениет және спорт министрі […]

«Отан отбасынан басталады» атты айтыстың бейненұсқасы. 1, 2 бөлімдері

30 қыркүйек күні Алматы қаласында «Nur Otan» партиясының қолдауымен «Отан отбасынан басталады» атты ақындар айтысы өткен болатын. Бұл айтыстың басты ерекшелігі бір отбасынан шыққан ақындардың өзара бақ сынасуы болған еді.Отбасылық сөз сайысында еліміздің бірқатар өңірінен келген 7 жұп өнер көрсетті. Атап айтқанда, айтыскер ана Егеухан Мұқамәдиқызы (Дәулеткерей Кәпұлының анасы) немересі, жас талант Ардакерей Кәппен, ақын […]

Аманжол Әлтаймен кездесу кеші өтті

 Бүгін Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымының докторы, профессор, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, айтыскер ақын Аманжол Әлтаевпен Қазақ ұлттық өнер университетінде, «RyhTime» тұлға танымдық жобасы аясында, жас буынды отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында «Жаһандану дәуіріндегі қазақи болмыс», «Тіл тазалығы мен тіл мәдениеті», «Сөз өнерінің қоғамдық мәртебесі» атты тақырыптарды қамтитын кездесу кеші өтті. Кешті Нұр-Сұлтан қаласы əкімдігі «Руханият» орталығының басшысы […]

Бас жүлде Мұхтар Ниязовта. Қорытынды. Рейтингтік ұпайлар

 Бүгін, 23 қазан күні Қызылорда облысында Жалағаш ауданының 80 жылдығына арналған «Тарихы терең, еңбегі ерен — Жалағаш» атты республикалық ақындар айтысы өтті. Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан сөз сайысына Айдос Рахметов, Кәрима Оралова, Мұхтар Ниязов, Нұрмат Мансұров, Рүстем Қайыртайұлы, Қанат Мырзахан, Біржан Байтуов, Шалқарбай Ізбасаров, Талғат Мықи, Мейірбек Сұлтанхан сынды 10 ақын […]

Аманжол Әлтаймен кездесу өтеді

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымының докторы, профессор, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, айтыскер ақын Аманжол Әлтаевпен «RyhTime» тұлға танымдық жобасы аясында, жас буынды отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында «Жаһандану дәуіріндегі қазақи болмыс», «Тіл тазалығы мен тіл мәдениеті», «Сөз өнерінің қоғамдық мәртебесі» атты тақырыптарды қамтитын кездесу кеші өтеді. Өтетін орны: Қазақ ұлттық өнер университеті(Тәуелсіздік даңғылы 50)  23 қазан, […]