Алматыда өткен республикалық айтыстың ақтық сындары Мұқаш Сейітқазинов (Жезқазған) — Айтақын Бұлғақов (Талдықорған) Айтыс 1990 жылы Наурыз айында өткен.
1990 жыл. Алматы қаласында өткен халықаралық айтыстың ақтық сайыстарының алдында айтыс ақындары үшін елеулі оқиға болды. Сол кездегі Орталық Комитеттің Идеология бөлімінің меңгерушісі Мырзатай Жолдасбеков өз заманының дүлдүлдеріне айналған үш ақынға «Халық ақыны» атағы берілгені туралы ҚазССР Жоғарғы Кеңесінің указын көпшілікке оқып берді. Қонысбай Әбілев, Әсия Беркенова, Әселхан Қалыбековалардың жоғары дәрежедегі […]