Басты бет Жаңалықтар БҚО-да Жүрсін Ерман атындағы айтыс мектебі ашылды
БҚО-да Жүрсін Ерман атындағы айтыс мектебі ашылды

БҚО-да Жүрсін Ерман атындағы айтыс мектебі ашылды

 170 0

     Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, «Ерен еңбегі үшін», «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгілерінің иегері, халықаралық және республикалық айтыстардың жүлдегері, «Сырым ауданының құрметті азаматы» ақын Бауыржан Халиолланың 40 жас мерейтойына арналған шаралар Сырым ауданы орталығында сабақтасты.

     Аудандық мәдениет үйі жанынан Жүрсін Ерман атындағы ақындар мектебі ашылды.

     — Облыста айтыс өнерінің өркендеуіне өзіндік үлес қосқан Жаңыл Жұрмағамбетова, Нығмет Нағымовв, Асқар Сұлтанвов, Шолпан Қыдырниязова, Дариға Мұштанова, Қатимолла Бердіғалиев, Мэлс Қосымбаевтардың ізін жалғаған Бауыржан Халиолла да аз уақыттың ішінде айтыскер ақын ретінде танылды. Осындай азамат туған жерде айтыс мектебі ашылып, оған айтыстың атасы, абызы Жүрсін Ерманның есімі берілуі елдің мерейін өсірді, — деді сыныптың ашылуында ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, «Сырым ауданының құрметті азаматы» Махмет Қажиахметов.

     Айтыс мектебінің жас ақындары Қондыкер Елеуов пен Ерасыл Өміржан Орал қаласында өткен «Жырласа, жастар жырласын» атты жас ақындар айтысында І және ІІІ жүлделі орындарға ие болған еді. Айтыста қанатын жаңадан қаға бастаған екі жас ақын көптің алдында арнауларын айтты.

     Сырым айтыс мектебін салтанатты ашу рәсімі кеңестік және қазақстандық кино және театр актері, КСРО және Қазақстан Республикасының Халық әртісі Асанәлі Әшімовке ұсынылды.

Ақпарат zhaikpress.kz порталынан алынды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *