Басты бет Жаңалықтар Жас ақын М.Қоңқаев республикалық мүшәйрадан І орын иеленді
Жас ақын М.Қоңқаев республикалық мүшәйрадан І орын иеленді

Жас ақын М.Қоңқаев республикалық мүшәйрадан І орын иеленді

 51 0

     Мұхаммед Қоңқаев «Туған жер» жобасы аясында Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы мен «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен республикалық мүшәйрадан 1 орын иеленді.

     Бұл туралы ақын өз фейсбук парақшасында былай деп жариялады: «Сүйінші, ағайын! «Туған жер» жобасы аясында Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы мен «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен республикалық мүшәйрадан 1 орын бұйырды. Қазылар алқасы құрамында болған Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының иегері, ақын Ақберен Елгезек ағамыздың айтуы бойынша поэзия аталымына 200-дей ақын қатысқан. Соңғы жылдары жастардың әдебиетке, соның ішінде жазба өлеңге көптеп мойын бұрғандары, әрине, қуантатын жағдай! Байқауды ұйымдастырған «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігінің президенті Арман Әубәкірге, портал ұжымы Бейбіт мырза мен Жансая қарындасымызға ерекше алғыс айтамыз! Жүлде алған барша ақындар мен өнерпаздарды құттықтаймыз».

    «Aitysker» ақпараттық порталының атынан ақынды шын жүректен құттықтап, шығармашылық табыстар тілейміз!

aitysker.org

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *