Басты бет Жаңалықтар Сәтпаевтағы жастар айтысының алғашқы айналым нәтижесі
Сәтпаевтағы жастар айтысының алғашқы айналым нәтижесі

Сәтпаевтағы жастар айтысының алғашқы айналым нәтижесі

 126 0

     «Nur Otan» партиясының қолдауымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Сәтпаев қаласында геолог-ғалым, профессор, академик Қаныш Сәтпаев пен әнші, ақын Тайжан Қалмағамбетовтың 120 жылдық мерейтойына орай тұңғыш Халықаралық жас ақындар айтысының алғашқы айналымы аяқталды.

      Дүбірлі додада еліміздің барлық аймақтарынан және Қырғызстан, Моңғолия, Қытай Халық республикаларынан жалпы саны 18 жас ақын қатысып, бақ сынасты.

     ҚР еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымының докторы, профессор, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, айтыскер ақын Аманжол Әлтаев жүргізген айтыстың алғашқы айналымының нәтижесі төмендегідей:

1-жұп: Қанат Мырзахан (90 ұпай) — Рай Дөңбай (90 ұпай);

2-жұп: Дәурен Ысқақ (86 ұпай) — Жібек Шахмарданқызы (85 ұпай);

3-жұп: Нартай Тілеуқұл (85 ұпай) — Доскей Ботпай (85 ұпай);

4-жұп: Садырбек Турдубекуулы (85 ұпай) — Жұлдызай Маратбекова (90 ұпай);

5-жұп: Сырым Нығызбаев (89 ұпай) — Данияр Алдабергенов (85 ұпай);

6-жұп: Шыңғыс Құдайберген (85 ұпай) — Ботакөз Мұхитденқызы (88 ұпай);

7-жұп: Нұрқанат Қайрат (90 ұпай) — Іңкәрбек Әділхан (81 ұпай);

8-жұп: Бүркітқазы Әділбек (90 ұпай) — Абдрауф Орал (85 ұпай);

9-жұп: Абзал Мақаш (89 ұпай) — Айшолпан Тлеутай (90 ұпай).

     Қазылар алқасы: Жүрсін Ерман, Қойлыбай Асанов, Мұса Тілеуов, Абдулла Дастанов, Ізтілеу Түсіпов, Төлеген Жаманов, Өміржан Көпбосынов.

     Айтыстың екінші айналымы 30 қараша күні  Шынболат Ділдебаев атындағы кеншілер сарайында, сағат 11:00-15:00 аралығында болады.

aitysker.org

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *