Басты бет Жаңалықтар Бас жүлде Қанат Мырзаханда. Сәтпаевтағы жастар айтысының қорытындысы
Бас жүлде Қанат Мырзаханда. Сәтпаевтағы жастар айтысының қорытындысы

Бас жүлде Қанат Мырзаханда. Сәтпаевтағы жастар айтысының қорытындысы

 140 0

     «Nur Otan» партиясының қолдауымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Сәтпаев қаласында геолог-ғалым, профессор, академик Қаныш Сәтпаев пен әнші, ақын Тайжан Қалмағамбетовтың 120 жылдық мерейтойына орай тұңғыш Халықаралық жас ақындар айтысы аяқталды.

    Айтысты ҚР еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымының докторы, профессор, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, айтыскер ақын Аманжол Әлтаев жүргізді.  

      Еліміздің барлық аймақтарынан және Қырғызстан, Моңғолия, Қытай Халық республикаларынан жалпы саны 18 жас ақын қатысып, бақ сынасқан дүбірлі додаданың нәтижесі төмендегідей:

Бас жүлде — Қанат Мырзахан,

І орын — Жұлдызай Маратбекова,

ІІ орын — Абзал Мақаш,

ІІІ орын — Нұрқанат Қайрат, Сырым Нығызбай,

Шынболат Ділдебаев атындағы арнайы жүлде: Рай Дөңбай, Абрауф Орал, Айшолпан Тілеутай, Бүркітқазы Әділбек, Жібек Шахмардан.

 

aitysker.org

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *