Басты бет Жаңалықтар Бас жүлде Еркебұлан Қайназарда. Қаражалдағы айтыстың қорытындысы
Бас жүлде Еркебұлан Қайназарда. Қаражалдағы айтыстың қорытындысы

Бас жүлде Еркебұлан Қайназарда. Қаражалдағы айтыстың қорытындысы

 323 0

     Желтоқсан айының 1 — жұлдызында Қарағанды облысы Қаражал қаласында «Қаражал қаласының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің» ұйымдастырумен «Nur Otan» партиясының қолдауымен, «рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, «Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына орай», «Келешегі кемел — кенді өлке» атты республикалық  дәстүрлі ақындар айтысы өтті. 

     Айтысқа елімізге танымал Айбек Қалиев (Қостанай обл.), Өміржан Көпбосынов (Жаңарқа ауданы), Бекарыс Шойбеков (Түркістан қаласы), Айтбай Жұмағұлов (Бұқар жырау ауд.), Аруна Керімбек (Ақтөбе обл.), Дидар Қамиев (Шет ауданы), Еркебұлан Қайназар (Нұр-Сұлтан қаласы), Тілеген Әділов (Қарағанды қаласы), Әсем Ережеқызы (ШҚО, Семей қаласы), Мақсат Ақанов (Ақтоғай ауданы) сынды 10 ақын қатысып, бақ сынасты.

     ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ақын Жүрсін Ерман жүргізген жыр жәрмеңкесінің жалпы нәтижесі төмендегідей:

Бас жүлде — Еркебұлан Қайназар,

І орын — Дидар Қамиев,

ІІ орын — Бекарыс Шойбеков,

ІІІ орын — Айбек Қалиев.

Жалпы ұпай сандары:

І — айналым

1-жұп. Өміржан Көпбосынов (59 ұпай) — Айбек Қалиев (59 ұпай);

2-жұп. Айтбай Жұмағұлов (57 ұпай) — Бекарыс Шойбеков (59 ұпай);

3-жұп. Дидар Қамиев (59 ұпай) — Аруна Керімбек (58 ұпай);

4-жұп. Тілеген Әділов (58 ұпай) — Еркебұлан Қайназар (60 ұпай);

5-жұп. Мақсат Ақанов (58 ұпай) — Әсем Ережеқызы (59 ұпай).

Финал

1-жұп. Еркебұлан Қайназар (60 ұпай) — Дидар Қамиев (60 ұпай);

2-жұп. Айбек Қалиев (59 ұпай) — Бекарыс Шойбеков (60 ұпай).

aitysker.org

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *