Басты бет Жаңалықтар Серікзат Дүйсенғазин 45 жаста
Серікзат Дүйсенғазин 45 жаста

Серікзат Дүйсенғазин 45 жаста

 703 0

Бүгін айтыскер ақын, «Қазақстан» ұлттық телеарнасының шеф-редакторы, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ доценті, филология ғылымдарының кандидаты Серікзат Дүйсенғазин 45 жасқа толып отыр.

Ақынды «Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің халықаралық Одағы» РҚБ,  «Aitysker» ақпараттық порталының ұжымының атынан шын жүректен құттықтап, деніне саулық, отбасына амандық, шығармашылығына табыс тілейміз.

Назарларыңызға Серікзат Дүйсенғазиннің шәкірттері, айтыскер ақын Мейірбек Сұлтанхан мен Нұрқанат Қайраттың құттықтау тілектерін ұсынамыз:

Мейірбек Сұлтанхан:

Ал, ағай, құтты болсын келген жасың,

Ер жігіт биіктетер елмен бәсін.

Інілік ізетпенен Мейірбек те,

Ағаға ақ тілегін енді арнасын.

Қарғалар қарқылдаған заман болды,

Көгершіндер көтермей жемнен басын.

Аспанда асқарлардан әрі асыңыз,

Секілді өз күшіне сенген лашын.

Төл өнердің көтеріп туын биік,

Төмендемей жүрсін тек төрден басың.

Көзді арбап жалт-жұлт еткен жалған өмір,

Кербезденген сұлудай керген қасын.

Жаратқаннан тіледім өзіңізге,

Жамбылдың бұйыртсын деп көрген жасын.

 

Нұрқанат Қайрат:

Бойында қазақылық қан тулаған,

Ойында есеп-қисап мал тұрмаған.

Есіме ескі адамдар түседі ылғи,

Алдымнан ағам шықса аңқылдаған.

Далалық тазалықты сақтадыңыз,

Дәм татып дәстүр дейтін бал тұнбадан.

Қырандай қанатыңыз талмасыншы,

Қарғалар көп заманда қарқылдаған.

Өзіңдей ұрпағыңыз адал болсын,

Үлгі алар ұлтым деген тау тұлғадан.

Алашты Әлихандай алға тартып,

Жарқ етсін Әлихандай алтын балаң.

Қырмызы қыздарыңның қызығын көр,

Өсірер жиендердей халқыңды аман.

Жеңгеймен бір жастықта қартайыңыз,

Айналып қарияға қалтылдаған.

Бастысы берекелі ғұмыр берсін,

Жасай бер мінезіңмен жарқылдаған.

Алаштың абызы бол, аңызы бол,

Адамдық қасиеті сарқылмаған!

aitysker.org

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *