Басты бет Айтыскер ақындар ИМАШ Балғынбек Қалиұлы

ИМАШ Балғынбек Қалиұлы

 612 2

вапваы                   

ИМАШ  Балғынбек Қалиұлы
             Филология ғылымдарының кандидаты

    1977 жылы Алматы облысы Кербұлақ ауданы Жоламан ауылында дүниеге келген. 1990 жылдан бастап аудандық, облыстық, Республикалық ақындар айтысына қатыса бастайды. 1994 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультетінің «Әдеби аударма» бөлімін, «әдебиеттану» мамандығы бойынша магистратурасын тәмәмдаған.
        Еңбек жолын Республикалық Қазақ Радиосында редактор-стилист қызметінен бастайды (1998-2000), Астана қаласындағы Еуразия гуманитарлық институтында Филология кафедрасының оқытушысы (2000-2001), Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті «қазақ және шетел әдебиеті кафедрасының оқытушысы болып жұмыс істейді (2001-2007). 2006 жылы академик Р.Нұрғалидің жетекшілігімен «Айтыстағы сатира мен юмор» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғаған. Талдықорған қаласы І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті қазақ филологиясы кафедрасының доценті қызметтерін атқарады (2007-2009). «ЭРА-7 арна» ЖШС Дубляж департаментінің редакторы болып істеген (2009-2012). Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері Қауымдастығында қызмет істейді.
        Көптеген Республикалық, халықаралық айтыстардың лауреаты. «Жыр арқауы – Астана», Түркістанның 1500, Тараздың 2000, Қарасай батырдың 300, Махамбеттің 200, Дулат Бабатайұлының 200, Қазақ хандығының 550 жылдығына орай өткен айтыстардың жеңімпазы, Мәскеу қаласында өткен айтыстың, Астана қаласында өткен «Ел басқарар ерің кім?», Алматыда болған «Алматы құрылыстың» 50 жылдығына арналған т.б. айтыстардың Бас жүлдегері. Қырғызстан, Өзбекстан, Қытай елдерінде, Париж, Стамбул, Мәскеу шаһарларында қазақ мәдениетін насихаттап, өнер көрсеткен. Қазақ тілі қоғамының «Қазақ тілі» медалімен марапатталған. Алматы облысы, Кербұлақ ауданының «Құрметті азаматы».

БАЛҒЫНБЕК ИМАШ ПЕН СЕРІК ҚҰСАНБАЕВТЫҢ АЙТЫСЫ. 2004 ж. (БЕЙНЕ)

БАЛҒЫНБЕК ИМАШ ПЕН АРМАН БЕРДАЛИННІҢ АЙТЫСЫ. Мәскеу, 2004 ж. (БЕЙНЕ)

БАЛҒЫНБЕК ИМАШ ПЕН МАРЖАН ЕСЖАНОВАНЫҢ АЙТЫСЫ . 2005 ж. (БЕЙНЕ)

БАЛҒЫНБЕК ИМАШ ПЕН МҰХТАР НИЯЗОВТЫҢ АЙТЫСЫ. 2012 ж. (БЕЙНЕМӘТІН)

БАЛҒЫНБЕК ИМАШ ПЕН САРА ТОҚТАМЫСОВАНЫҢ АЙТЫСЫ. 2013 ж. (БЕЙНЕ)

Пікірлер(2)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *