Басты бет Жаңалықтар VIII «Алтын домбыра» республикалық ақындар айтысы өтеді
VIII «Алтын домбыра» республикалық ақындар айтысы өтеді

VIII «Алтын домбыра» республикалық ақындар айтысы өтеді

 718 0

Құрметті айтыс сүйер ағайын!

«Nur Otan» партиясының қолдауымен, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің және Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен тәуелсіздік мерекесіне орай өтетін «Тұғыры биік Тәуелсіздік» атты республикалық «VIІІ  Алтын домбыра» айтысына шақырамыз.

     Екі күндік аламан айтысқа Айбек Қалиев, Рүстем Қайыртайұлы, Мұхтар Ниязов, Аспанбек Шұғатаев, Жансая Мусина, Дидар Қамиев, Әсем Ережеқызы, Шалқарбай Ізбасаров, Қазірет Бердіхан, Өміржан Көпбосынұлы, Аруна Керімбек, Жандарбек Бұлғақов, Бекзат Асқаров, Талғат Мықи, Серік Құсанбаев, Шұғайып Сезімхан, Жұлдызай Маратбекова, Біржан Байтуов, Қанат Мырзахан, Бауыржан Ширмединұлы сынды елімізге танымал 20 ақын қатысып, бақ сынасатын болады.

     Жыр жәрмеңкесін «Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің Халықаралық Одағының» Басқарма төрағасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, М.Мақатаев атындағы сыйлықтың екі мәрте иегері ,ақын Жүрсін Ерман жүргізеді.

Өтетін орны және уақыты:

Орал қаласы, «Nur Otan» залында 16-17 желтоқсан күндері сағат 15:00 де өтеді.

Билеттер Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрының кассасында сатылады

Билет құны: 2000 тг

Байланыс телефондары: 8(7112)50 78 03, 8775 570 32 52

aitysker.org

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *