Басты бет Жаңалықтар Дидар Қамиев 31 жаста
Дидар Қамиев 31 жаста

Дидар Қамиев 31 жаста

 127 0

Бүгін «Айтыстың ақтаңгері», Халықаралық, республикалық ақындар айтысында, жыршы-жыраулар сайысында бірнеше мәрте өнер көрсетіп, жүзден жүйрік атанған Дидар Қамиевтің туған күні.

Ақынды «Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің халықаралық Одағы» РҚБ,  «Aitysker» ақпараттық порталының ұжымының атынан шын жүректен құттықтап, деніне саулық, отбасына амандық, шығармашылығына табыс тілейміз.

Назарларыңызға ақынның айтыста айтқан айшықты шумағын ұсынамыз:

 Дидар ҚАМИЕВ:

Көтеріп тəрбиенің байрағын дəл, 
Менің де айтар ішкі байламым бар.
Бас мəселе баланың тəрбиесі, 
Осыны алып жүрген ойға кім бар?
Бала тəрбиелейтін уақытың жоқ,
Аптасына барар екі-үш тойларың бар. 
Ол аз десең кредит жабамын деп,
Екі-үш жұмысқа кіріп қойғаның бар.
Ертегі айтар əжелер қалмай барад(ы),
Сериал жаулап алған ойларын дəл. 
Əженің əңгімесін тыңдап өсіп,
Əлемге танылмады қай дарындар?
Қазақы үйдің ішінде отырып ақ,
Қазағымның шығарған қаймағын бар. 
Зере сөзін зердеге тоқып өскен,
Бұл сөзге Абай сынды айғағым бар.
Шоқандардың шоқтығы биік болса, 
Артында тұрған жоқ па Айғанымдар?
Сондықтан осы бастан қам жасайық, 
Шықсын десек білімге бай ғалымдар.
Бабамен мақтанғанда масқарамыз, 
«Жеңген», деп өткен күннің «майданын бар».
Өткенді айтып кеуде ұра бермей, 
Ертеңге осы бастан сайланыңдар. 
Баланың тəрбиесіне бей-жай қарап,
Шекесі шылқып кеткен қай қауым бар?
Бабаңның кім болғанын айта бермей,
Балаңның кім боларын ойланыңдар.

aitysker.org

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *