Басты бет Айтыстар Тұңғыш рет «Алтын домбыра» айтысы аясында тимбилдинг іс-шарасы ұйымдастырылды
Тұңғыш рет «Алтын домбыра» айтысы аясында тимбилдинг іс-шарасы ұйымдастырылды

Тұңғыш рет «Алтын домбыра» айтысы аясында тимбилдинг іс-шарасы ұйымдастырылды

 1 137 0

Бүгін «Nur Otan» партиясының қолдауымен, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен БҚО әкімдігінің ұйымдастыруымен Ақжайық өңірінде тұңғыш рет «Тұғыры биік тәуелсіздік» республикалық VIII «Алтын домбыра» айтысының аясында тимбилдинг іс-шарасы ұйымдастырылды. Еліміздің барлық аймағынан келген «Алтын домбыра» айтысына қатысушы 20 ақыннан бөлек айтыс ардагерлері шақырылып, Орал қаласындағы «Ақжайық» шипажайына орналастырылды.

Екі күнге созылатын тимбилдингтің алғашқы күнінде түрлі спорттық шаралар(үстел теннисі, бильярд ойыны, дойбы, шахмат, асық ату, ләңгі тебу т.б), табиғат аясында серуен ұйымдастырылып, «Қазақ айтыс өнерінің өткені мен бүгіні хақында» тақырыбында пікірсайыс өтті.

Пікірсайыс барысында төл өнеріміздің болашағы жайында өзекті мәселелер қозғалып, айтыскер ақындар өз ойларын ортаға салды. Ардагер ақын Қуаныш Мақсұтов қазылар алқасынан кететін қателіктердің басын қозғап, «айтысқа қатысы жоқ адамдарды қазылыққа қоймай тек айтыс ақындарын қою керек», деп өз пікірін білдіріп, «одақ мүшелігінде бар барлық ақынға жылына кем дегенде бір рет айтысқа қатысу керек», деп ұсыныс айтты. Мұхтар Ниязов та бұл пікірге қосылып айтысқа бір ереже бекіту керек деп өз тарапынан ұсыныс тастады. Серік Құсанбаев, Ахметжан Өзбеков, Қойлыбай Асанов сынды айтыс ардагерлері әр ақынның өзіндік стилі, өзіндік мақамы болуы керек деп ұсыныс тастап, ақындардың осы бағытта жұмыс жасауы керектігін ескертті.

Іс-шараның соңы спорттық сайыстарда ерекше өнер көрсеткен ақындарды марапаттап, облыстық дәстүрлі әнші-термешілер мен күйшілердің қатысуымен өтетін концерттік бағдарламаға ұласты.

Фоторепортаж:

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *