Басты бет Жаңалықтар Екі күнге созылған тимбилдинг іс-шарасы өз мәресіне жетті
Екі күнге созылған тимбилдинг іс-шарасы өз мәресіне жетті

Екі күнге созылған тимбилдинг іс-шарасы өз мәресіне жетті

 504 1

Бүгін Орал қаласы «Ақжайық» шипажайында өтіп жатқан, екі күнге созылған тимбилдинг іс-шарасы өз мәресіне жетті.

Мемлекеттік сыйлықтың иегері Несіпбек Айтұлы бастаған шара меймандары Қадыр орталығына барып орталықтың тыныс тіршілішігімен танысты. Одан шыға шежірелі Орал қаласының тарихи орындарына саяхат жасап, «Дала дидары» ұжымының өнерін тамашалады.

Бұдан соң Халықаралық айтыскерлер мен жыршы-термешілер Одағының төрағасы Ж.Ерман және мүшелері басқосуға жиылды.

Бұл басқосуға «Нұр Отан» партиясының хатшысы Ғ.Оспанқұлов, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Н.Дәуешов, БҚО әкімінің орынбасары С.Егізбав, «Нұр Отан» партиясы БҚО филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Мұқаев қатысты.

Еліміздің түкпір- түкпірінен Ақжайыққа ағылған ардагер ақындар мен бүгінгі айтыс көрігін қыздырып жүрген ақындар өз пікірлерін ортаға салып, ұсыныстарын да жеткізді.

Жиын қорытындысында ұсыныс-тілектер болашақта ескерусіз қалмайтындығы айтылды.

Ауқымды басқосудың(тимбилдинг) негізгі мақсаты — VIII Алтын домбыра айтысы.

16-17 желтоқсан, яғни екі күн бойы Оралда өтетін «Тұғыры биік Тәуелсіздік» атты республикалық ақындар айтысында барлық қатысушыларға сәттілік тілеп, баршаңызды ертеңгі дүбірлі додаға шақырамыз!

Фоторепортаж:

 

Пікірлер(1)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *