Басты бет Негізгі бет Алтын домбыра: Бесінші жұптың жеңімпазы анықталды
Алтын домбыра: Бесінші жұптың жеңімпазы анықталды

Алтын домбыра: Бесінші жұптың жеңімпазы анықталды

 1 190 0

Дәл қазір Орал қаласында республикалық «Алтын домбыра» қорытынды айтысы өтуде. Айтыстың ашылу барысында «NurOtan» партиясы өкілдері ақын Ж. Ерманға  «Парасат» орденін, А. Қалиевке «Құрмет» орденін тапсырды. 

Қазылар  алқасының құрамы: Н. Айтұлы (Төраға), Ә. Беркенова, Д. Мұштанова, Қ. Асанов, А. Әлтай, М. Тазабек, Ж. Әшімжан, Б. Халиолла, Р. Онаева.  

Биылғы «Алтын домбыра» айтысында жеңімпазды анықтау олимпиядалық жүйе бойынша өтуде. Яғни, бір жұптан бір ақын ғана келесі айналымға өтеді. 

1-жұп: Ж. Бұлғақов (Нұр-Сұлтан) 85 ұпай — Ж. Мусина (Орал) 87 ұпай;

2-жұп: С. Құсанбаев (ШҚО) 82 ұпай — А. Қалиев (Арқалық) 88 ұпай;

3-жұп: Б. Асқаров (Нұр-Сұлтан) 82 ұпай — Ә. Ережеқызы (Нұр-Сұлтан) 90 ұпай;

4-жұп: Ш. Сезімхан (Алматы) 85 ұпай —  А. Шұғатаев (Павлодар) 88 ұпай;

5-жұп: Қ. Мырзахан (Тараз) 87 ұпай — А. Керімбек (Ақтөбе) 85 ұпай;

Осылайша Ж. Мусина, А. Қалиев, Ә. Ережеқызы, А. Шұғатаев, Қ. Мырзахан  екінші айналымға өтті. 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *