Басты бет Жаңалықтар Алтын домбыра: Соңғы жұп: Мұхтар мен Шалқарбай шықты
Алтын домбыра:  Соңғы жұп: Мұхтар мен Шалқарбай шықты

Алтын домбыра: Соңғы жұп: Мұхтар мен Шалқарбай шықты

 1 465 0

Орал қаласында өтіп жатқан «Алтын домбыра» қорытынды айтысы аз ғана үзілістен кейін қайта жалғасты.  

   Бас — аяғы 20 ақын 10 жұп болып өнер көрсететін айтыста тоғыз қазы төрелік етуде. Қазылар  алқасының құрамы: Н. Айтұлы (Төраға), Ә. Беркенова, Д. Мұштанова, Қ. Асанов, А. Әлтай, М. Тазабек, Ж. Әшімжан, Б. Халиолла, Р. Онаева.  

Биылғы «Алтын домбыра» айтысында жеңімпазды анықтау олимпиядалық жүйе бойынша өтуде. Яғни, бір жұптан бір ақын ғана келесі айналымға өтеді. 

Бірінші бөлімде өнер көрсеткен ақындардың нәтижесі төмендегіше:

1-жұп: Ж. Бұлғақов (Нұр-Сұлтан) 85 ұпай — Ж. Мусина (Орал) 87 ұпай;

2-жұп: С. Құсанбаев (ШҚО) 82 ұпай — А. Қалиев (Арқалық) 88 ұпай;

3-жұп: Б. Асқаров (Нұр-Сұлтан) 82 ұпай — Ә. Ережеқызы (Нұр-Сұлтан) 90 ұпай;

4-жұп: Ш. Сезімхан (Алматы) 85 ұпай —  А. Шұғатаев (Павлодар) 88 ұпай;

5-жұп: Қ. Мырзахан (Тараз) 87 ұпай — А. Керімбек (Ақтөбе) 85 ұпай; 

6-жұп: Ө. Көпбосынов (Қарағанды)  90 ұпай — Ж. Маратбекова (ШҚО) 82 ұпай; 

7-жұп: Х. Бердіхан (Алматы) 87 ұпай — Б. Байтуов (Түркістан) 86 ұпай;

8-жұп: Р. Қайыртай (Алматы) 90 ұпай — Т. Мықи (Орал)  84 ұпай;

9-жұп: Б. Ширмединұлы (Орал) 86 ұпай- Д. Қами (Қарағанды) 86 ұпай, (кім өткенін қазылар шешеді);

10-жұп: М. Ниязов (Қызылорда)  90 ұпай — Ш. Ізбасаров (Атырау) 82 ұпай. 

     Осымен бүгінгі бірінші айналым аяқталды. Назар аударғандарыңызға рахмет! Қазылар алқасының ақылдасуынан кейін ертеңгі екінші айналымға өткен ақындарды нақты жариялаймыз!

aitysker.org

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *