Басты бет Айтыскер ақындар КӘПҰЛЫ Дәулеткерей

КӘПҰЛЫ Дәулеткерей

 499 0

Дәулеткерей            КӘПҰЛЫ Дәулеткерей
 Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Дарын» Мемлекеттік Жастар сыйлығының лауреаты  

    1977 жылы 9 тамызда дүниеге келген. Әль-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың филология факультетін, (1995-1999) Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің магистратурасын (2000-2002) бітірген. Еуразия университетінің Қазақ әдебиеті кафедрасының оқытушысы (1999-2005), Абай атындағы ҚазҰПУ-нің қазақ филологиясы факультеті деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары және қазақ әдебиеті кафедрасының оқытушысы (2006-2008) қызметтерін атқарған. Астана қаласы әкімдігі, Мәдениет басқармасының қызметкері,. Астанада жарық көрген «Алтын тамыр» әдеби-танымдық жұрналының шеф-редакторы, Астана қаласындағы «Фолиант» баспасы директорының орынбасары, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Әлеуметтік-тәрбие жұмысы департаменті директорының орынбасары болып қызметтер атқарған. Аталмыш университеттің PhD доктаранты.

      И. Байзақовтың 100 жылдығына, Моңғолияның Баян-Өлгей аймағының 60 жылдық мерейтойына, М. Өтемісұлының 200 жылдығына, Дәулетбай батырдың 300 жылдығына, Ш.Құдайбердіұлының 150 жылдығына арналған республикалық, халықаралық айтыстардың бас жүлдегері. Мәскеу қаласында өткен қазақ ақындар айтысында көрсеткен үздік өнері үшін І-орынды және Бішкек қаласында өткен Ұлы Жеңіжоқ ақынға арналған халықаралық айтыста І-дәрежедегі «Ардақ» белгісі мен жүлделі І-орын, Қ. Иассауи атындағы Қазақ-Түрік университетінің 10 жылдығына арналған республикалық айтыста І-орын, Көкшетауда өткен К.Қасымұлының 200 жылдығына арналған республикалық айтыста І-орын, Маңғыстауда өткен Қ. Күржіманұлы атындағы айтыста І-орын, «Қазақ әдебиеті» газетінің 70 жылдығына арналған республикалық айтыста І-орын, М.Ғабдуллиннің 90 жылдығына арналған республикалық айтыста І-орын жүлделерін иемденген.
            2000 жылы «Жұлдыз» жұрналы жариялаған А.Ыбыраев атындағы республикалық жазба ақындар мүшәйрасының бас жүлдесін, III-ші халықаралық Шығармашыл жастардың «Шабыт » фестивалінің поэзия номинациясы бойынша гран-при, Аягөз ауданының 80 жылдық мерейтойына тойына арналған республикалық жазба ақындар сайысының бас жүлделерін иеленген.
          «Жыр тәңірі», «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы», «Жас ақындар жырларының антологиясы», «Байбесік тұмалары», «Тәуелсіздіктің нұрлы таңы», «Шабыт», «Жидебай», «Жанартау», «Азаттық таңындағы азат жыр» т.б. қазақ ақындарының біріккен жыр жинақтарында өлең-жырлары жарияланған. «Сүтті іңір» (2007), «Бүлдірген ағып түскенше» (2011) атты жеке жыр жинақтары жарық көрген.
Сегіз сері Баһрамұлының (Мұхаммед-Қанафия) өлең-дастандарын құрастырып, шығармашылығын саралап «Елорда» баспасынан «Гауһартас» деген атпен шығарған. Шығыс Түркістан ұлт-азаттық көтерілісінің қаһарманы Оспан батыр Ісләмұлы туралы танымдық кітапты құрастырып, баспадан шығарушы. Талантты ақын, драматург Е. Асқаровтың «Жүрекжарды», «Арманымның ақ құсы», «Шығыс жұлдыздары» (2том), Ш. Әбеновтің «Шыңғыстау» атты кітаптарын құрастырған. Түркияның Адана (Тарсус) қаласында өткен түркітектес халықтардың Қаражолан атындағы сегізінші еларалық поэзия фестивалінің лауреаты.
          «Дарын » Мемлекеттік Жастар сыйлығының лауреаты. Екі дүркін Мемлекеттік стипендия иегері. Астана қаласының 10 жылдық мерекелік медалімен марапатталған. Моңғолия Демократиялық партиясының «Азаттық» орденінің иегері. Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі.

ДӘУЛЕТКЕРЕЙ КӘПҰЛЫ МЕН ӘБДІҒАНИ БӘЗІЛХАННЫҢ АЙТЫСЫ. 2004 ж. (БЕЙНЕ)

ДӘУЛЕТКЕРЕЙ КӘПҰЛЫ МЕН НҰРЛАН МҰСАЕВТЫҢ АЙТЫСЫ. 2004 ж. (БЕЙНЕ)

ДӘУЛЕТКЕРЕЙ КӘПҰЛЫ МЕН САРА ТОҚТАМЫСОВАНЫҢ АЙТЫСЫ. 2004 ж. (БЕЙНЕ)

ДӘУЛЕТКЕРЕЙ КӘПҰЛЫ МЕН РИНАТ ЗАЙЫТОВТЫҢ АЙТЫСЫ 2004 ж. (БЕЙНЕ)

ДӘУЛЕТКЕРЕЙ КӘПҰЛЫ МЕН АРМАН БЕРДАЛИННІҢ АЙТЫСЫ. 2005 ж. (БЕЙНЕ)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *