Басты бет Жаңалықтар Алтын домбыра: Алғашқы айналымның қорытындысы
Алтын домбыра: Алғашқы айналымның қорытындысы

Алтын домбыра: Алғашқы айналымның қорытындысы

 968 1

          Кеше Орал қаласында «NurOtan» партиясының қолдауымен, БҚО Әкімдігі ұйымдастыруымен «Тұғыры биік тәуелсіздік» атты Республикалық қорытынды «Алтын домбыра» айтысының бірінші айналымы аяқталды. 7 сағаттан аса уақытқа созылған сөз сайысын ақын, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, «Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің халықаралық Одағы» РҚБ Басқарма Төрағасы Ж. Ерман жүргізді. Ақын,  Мемлекеттік сыйлықтың иегері Н. Айтұлы төрағалық еткен қазылар құрамында Ә.Беркенова (Қазақстанның Халық ақыны), Қ. Асанов (айтыскер ақын, ф.ғ.д, профессор), Д. Мұштанова (айтыскер ақын, ұстаз), А. Әлтай (айтыскер ақын, ф.ғ.д, профессор),  М. Тазабек (айтыскер ақын, «Асыл арна» телеарнасының директоры), Б. Халиолла (айтыскер ақын, Қадыр Мырза-Әлі орталығының басшысы), Р. Онаева (ҚР Мәдениет және спорт министрлігінен) төрелік етті. 

Айтыста 20 ақын 10 жұп болып өнер көрсетіп, олимпиадалық жүйе бойынша өткен айтыста бір жұптан бір ғана ақын келесі айналымға өтті. 

Алғашқы айналымның қорытындысы бойынша ақындардың (2019 ж. рейтингтегі орны) көрсеткіштері төмендегідей:

  1. Ә. Ережеқызы (22) — 90 ұпай;
  2. Ө. Көпбосынов (23) — 90 ұпай;
  3. Р. Қайыртайұлы (4) — 90 ұпай;
  4. М. Ниязов (5) — 90 ұпай;
  5. А. Қалиев (6) — 88 ұпай;
  6. А. Шұғатаев (13) — 88 ұпай;
  7. Ж. Мусина (9) — 87 ұпай;
  8. Қ. Мырзахан (7) — 87 ұпай;
  9. Х. Бердіхан (19) — 87 ұпай;
  10. Б. Ширмединұлы (12) — 86 + 1 (Төрағаның қосымша бір дауысымен);
  11. Б. Байтуов (26) — 86 ұпай;
  12. Д. Қами (3) — 86 ұпай;
  13. Ж. Бұлғақов (15) — 85 ұпай;
  14. Ш. Сезімхан (20) — 85 ұпай;
  15. А. Керімбек (27) — 85 ұпай;
  16. Т. Мықи (1) — 84 ұпай;
  17. С. Құсанбаев (10)  — 82 ұпай;
  18. Б. Асқаров (21) — 82 ұпай;
  19. Ж. Маратбекова (Одақ ұсынысымен) — 82 ұпай;
  20. Ш. Ізбасаров (8)- 82 ұпай.

Алғашқы ондықтағы ақындар бүгін екінші айналымда «Алтын домбыраны» өзара сарапқа салады. 

Естеріңізге сала кетейік, айтыс Орал қаласы «NurOtan» партиясы филиалының залында өтуде. 

Пікірлер(1)

Пікір қалдыру нұрдаулет қазы Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *