Басты бет Негізгі бет Ж. БҰЛҒАҚ: ЕШҚАНДАЙ ӨКПЕМ ЖОҚ
Ж. БҰЛҒАҚ: ЕШҚАНДАЙ ӨКПЕМ ЖОҚ

Ж. БҰЛҒАҚ: ЕШҚАНДАЙ ӨКПЕМ ЖОҚ

 1 698 0

Кеше Орал қаласында өткен «Алтын домбыра» республикалық қорытынды айтысының бірінші жұбында айтысқан екі дүркін «Алтын домбыра» иегері Жандарбек Бұлғақов жарысты ерте аяқтады. Ол оралдық Жансая Мусинамен сөз сайыстырып, 87-85 есебімен есе жіберген болатын. Айтыс соңында Жандарбектен қысқаша сұхбат алудың орайы келді. 

— Жандарбек, биылғы «Алтын домбыра» айтысында сүрінуіңізге не себеп? Өз бабыңыздан болды ма, əлде қарсыласыңыз мықты болды ма? Əлде қазылар алқасынан ба?

Жандарбек:
— Жеңілген адамның сөзі құрысын. Ақталудың еш реті жоқ шығар. Кінəні өзімізден іздеген дұрыс қой. Бəлкім ел күткен деңгейде айтыса алмаған шығармыз. Оның үстіне бірінші жұп болып шығу да осындай үлкен деңгейлі додада психологиялық тұрғыдан бізге салмақ салып тұрды. Осы факторлар əсер еткен шығар. Бірақ, ешқандай өкпем жоқ. Сондай бір абыройсыз айтыс болды деп ойламаймын. Бастысы халықтың айтысқа деген ықыласы ерекше екендігі көрініп тұрды.

— Үшінші рет «Алтын домбыра» алу ойыңызда болды ма?

Жандарбек:
— Барлық ақын жарысқа түскенде ешқайсысы жеңілем деп келмейді ғой. Барлығының дəмесі бар. Бірақ оған бір Құдайдың бұйрығы нəсіп бола ма, болмай ма, бабы мен бағынан көреді. Сондықтан «ойбай, мен аламын» деген мақсат болған жоқ. Мақсатым абыройлы айтыс болса, ұялмайтындай деңгейдегі айтыс болса деп өзім жоспарлағанмын.

— Негізгі күшті ертеңгі ақтық сынға сақтап қалып, өкініп тұрған жоқсыз ба?

Жандарбек:
— Жоқ, жалпы айтысқа шыққан кезде «ертең күшті айтысамын, бүгін кішкене одан төмен айтысайын» деген ой болмайды.  Өйткені бұл жерде мүмкіндік те аз. Келіп отырған жиырма ақынның  бəрі де жүйрік. Солардың арасында шоқтығы биік айтыс көрсету — барлығының да міндеті. Реті келсе екі айналымда да жақсы айтыс көрсету барлық ақынның міндеті деп ойлаймын.

 — Рахмет, келесі айтыстарға сәттілік тілейміз!

aitysker.org

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *