Басты бет Негізгі бет Бекзат Асқаров: «Бір жыл үшін бұл аз жетістік емес»
Бекзат Асқаров: «Бір жыл үшін бұл аз жетістік емес»

Бекзат Асқаров: «Бір жыл үшін бұл аз жетістік емес»

 692 0

Кеше Орал қаласында өткен «Алтын домбыра» республикалық қорытынды айтысының үшінші жұбында айтысқан «халықты орнынан тұрғызған атақты ақын» Ерік Асқаровтың ұлы Бекзат Асқаров жарысты ерте аяқтады. Ол шығыстық Әсем Ережеқызымен сөз сайыстырып, 90-82 есебімен есе жіберген болатын. Айтыс соңында Бекзаттан қысқаша сұхбат алудың орайы келді. 

— Бекзат, биылғы «Алтын домбыра» айтысының финалына өтпей қалуыңызға не себеп? Қазылар алқасынан бірқатар сындар айтылды. Өз бабыңыздан болды ма, əлде қарсыласыңыз мықты болды ма?

Бекзат:

Сөздің шыны керек. Қойған баллдарға келісемін. Өйткені дайындығым шала болды. Министрлік пен «Nur Otan» партиясының арасында ұйымдастыру шараларымен шапқылап жүріп уақытымды өткізіп алдым. Дегенмен де жеңілгеннің сөзі құрысын. Ешқандай өкпем жоқ. Бір жыл үшін бұл аз жетістік емес. Бұйырғанына шүкір дейміз.

— Өзіңіздің төмен балл алып қалуыңызға әкеңізді қайта-қайта айтуыңыз себеп болды деп ойлайсыз ба?

Бекзат: 

Қазылар алқасы мүшелерінен сын айтылғаны рас. Менің әкем неше рет айтсам да тұрарлық адам. Ол кісі қазақ айтысында айбарлы ақындардың бірі болған. Қылышынан қан тамған «Совет» үкіметі бар кезде, «цензура» бар кезде айтыстың аламанын шулатып, елдің көзайымы бола білген. Сондықтан әкемді айтпаған кімді айтамын? 

— Биыл түрлі додаларға қатысып биіктен көрініп жүрдіңіз. Сол көркеткіш арқылы рейтинг бойынша «Алтын домбыра» айтысына қатысып отырсыз. Жалпы сіздің осы күнге дейінгі айтыстарыңызда кім ең қиын қарсылас болды?

Бекзат:

— Жалпы қарсыластарымның барлығы да мықты болды. Биылғы айтысымды Олжас Отармен бастадым. Ерік Асқаровтың 60 жылдығына айтыста үлкен сахнадағы тұсауымды кескен болатын. Кезінде айтыстың алаңын шаңдатқан ағамыз. Бірге жұмыстас та болдық. Жалпы ұстазым деп те айта аламын ол кісіні. Аспанбекпен де айтыстым. Өте сәтті айтыстарымның бірі болды деп есептеймін. Өнербек Дәулекенов деген ақынмен де айтыстым. Серікзат, Мақсат ағаларымыз бар. Әсемге келетін болсақ қарсыласын оңтайлы жерден бір ұстаса оңайлықпен жібермейтін азулы ақындардың бірі. Жалпы барлығы да мықты. Финалға өткен барлық ақындарға сәттілік тілеймін!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *