Басты бет Айтыстар АЛТЫН ДОМБЫРА ФИНАЛ: Соңғы жұп. Айбек пен Әсем шықты
АЛТЫН ДОМБЫРА ФИНАЛ: Соңғы жұп. Айбек пен Әсем шықты

АЛТЫН ДОМБЫРА ФИНАЛ: Соңғы жұп. Айбек пен Әсем шықты

 1 028 0

   Бүгін Орал қаласында «NurOtan» партиясының қолдауымен, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің және БҚО Әкімдігі ұйымдастыруымен «Тұғыры биік тәуелсіздік» атты Республикалық қорытынды «Алтын домбыра» айтысының екінші айналымы басталды. Сөз сайысын ақын, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, «Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің халықаралық Одағы» РҚБ Басқарма Төрағасы Ж. Ерман жүргізуде. Ақын,  Мемлекеттік сыйлықтың иегері Н. Айтұлы төрағалық етіп жатқан қазылар құрамында Ә.Беркенова (Қазақстанның Халық ақыны), Қ. Асанов (айтыскер ақын, ф.ғ.д, профессор), Д. Мұштанова (айтыскер ақын, ұстаз), А. Әлтай (айтыскер ақын, ф.ғ.д, профессор),  М. Тазабек (айтыскер ақын, «Асыл арна» телеарнасының директоры), Б. Халиолла (айтыскер ақын, Қадыр Мырза-Әлі орталығының басшысы), Р. Онаева (ҚР Мәдениет және спорт министрлігінен) төрелік етуде. 

Бірінші айналымда 20 ақын 10 жұп болып өнер көрсетіп, олимпиадалық жүйе бойынша  бір жұптан бір ғана ақын келесі айналымға өткен болатын. 

Жыршы Е. Шалдыбековтың орындауындағы Жамбылдың «Ақындарға арнауы» екінші күнгі айтыстың шымылдығын түрді. 

Дәл қазіргі уақытта Ө. Көпбосынов пен Қ. Мырзахан айтысуда.

1-жұп: Ө. Көпбосынов (Қарағанды) 87 ұпай — Қ. Мырзахан (Тараз) 86 ұпай;

2-жұп: Р. Қайыртай (Алматы) 90 ұпай — Ж. Мусина (Орал) 88 ұпай;

3-жұп: Х. Бердіхан (Алматы) 90 ұпай — А. Шұғатаев (Павлодар) 83 ұпай;

4-жұп: М. Ниязов (Қызылорда) 90 ұпай — Б. Ширмединұлы (Орал) 82 ұпай;

5-жұп: А. Қалиев (Арқалық) — Ә. Ережеқызы (Нұр-Сұлтан) АЙТЫСУДА

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *