Басты бет Негізгі бет Дидар Қами: «Сахнада жұпталсақ кімнің кім екендігі көрінер еді»
Дидар Қами: «Сахнада жұпталсақ кімнің кім екендігі көрінер еді»

Дидар Қами: «Сахнада жұпталсақ кімнің кім екендігі көрінер еді»

 1 742 0

Кеше Орал қаласында өткен «Алтын домбыра» республикалық қорытынды айтысы өтіп, нәтижесінде Рүстем Қайыртай VIII «Алтын домбыра» иегері атанған болатын. Алтын домбыраға басты үміткерлердің бірі Дидар Қамиев айтысты алғашқы айналымның тоғызыншы жұбында азулы ақындардың бірі Оралдық Бауыржан Ширмединұлымен сөз сайыстырып, 87-86 есебімен есе жіберіп, жарысты ерте аяқтаған еді. Айтыс соңында Дидардан алған қысқаша сұхбатымызды назарларыңызға ұсынамыз. 

— Дидар, көңіл-күйіңіз қалай? «Алтын домбырадан» басты үміткерлердің бірі өзіңіз едіңіз. Не себепті финалға өтпей қалдыңыз? Бабыңыздан ба әлде қазылар алқасынын болды деп есептейсіз бе? 

Дидар:

— Көңіл-күйім тамаша. Өтпей қалуыма бабымның ешқандай қатысы жоқ, бабымыз келісіп тұрды. Қарсыласым Оралдық ақын Бауыржан, осал емес мықты ақындардың бірі, жалпы айтысымыз сәтті шықты деп ойлаймын. Оны халықтың ықыласы ерекше болғанынан аңғаруға болады. Жалпы айтыс жоғарғы деңгейді өтті. Өзімнің көңілімнен шықты.

— Кешегі өткен тимбилдинг нәтижесінде айтыстың форматы өзгеріп, айтыс ережесі бекітілетін болып шешілді. Бұл жаңалыққа жеке көзқарасың қалай?

Дидар:

— Қос қолдап құптаймын. Бүгінгі суперфиналда болған Рүстем мен Мұхтардың айтысы елдің көңілінен шыққан шынайы айтыс болды. Себебі халыққа шынайылық ұнайды. Келесі жеребе айтыстарда баяғы «Қонаевтың 100 жылдығындағы» айтыстай тақырыпты айтып ары қарай жалғастыр деп кезек бере салмай, дәл осы айтыс сияқты шаппа-шап, шиеленіскен айтыс болса, айтыстың деңгейі өсетініне сенімдіміз. Сахнада жұпталу керек сонда ақындар да азайып, жүлде де көбейіп, кімнің кім екені көрінетін еді.

— Биылғы жылды осымен қорытындыладық. Рейтинг бойынша үздік бестікке кірдіңіз. Алдағы жоспарларыңыз қалай?

Дидар:

— Әзірге нақты жоспар жоқ. Айтысу ережелері бекітелсе соған сәйкес жұмыс жасап, дайындалатын боламыз.

— Рахмет, келесі айтыстарға сәттілік тілейміз!

aitysker.org

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *