Басты бет Айтыскер ақындар КӨПБОСЫН Өміржан Ғабдұллаұлы

КӨПБОСЫН Өміржан Ғабдұллаұлы

 578 1

апапаКӨПБОСЫН Өміржан Ғабдұллаұлы

1984 жылы 25 наурызда Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Толағай ауылында дүниеге келген. О. Әлібаев атындағы орта мектепті бітірген. Қазақ Теміржол қатынастар колледжін (2005), Жоғарғы оқуын экономист мамандығы бойынша тәмамдаған (2007). Бірнеше облыстық, Республикалық айтыстардың жүлдегері.
Астана қаласы әкімдігінде, Тілдерді дамыту басқармасы «Зерде» инновациялық орталығында ұйымдастыру бөлімінің бас маманы, бөлім бастығы болып еңбек еткен (2007-2009). Ұлттық Академиялық кітапханада директордың көмекшісі қызметін атқарған (2009-2012). Қазір жеке кәсіпкер.
Бірнеше қалалық, облыстық айтыстардың жүлдегері, жеңімпазы.
Алсай бабаға арналған Республикалық айтыста Бас жүлде (2007), Тәуелсіздік күніне орай өткізілген Республикалық студенттер айтысында Бас жүлде (2007), Аралбай батыр Әлібекұлының 325 жылдығына орай өткізілген Республикалық айтыста Бас жүлде (2011), Ақжолтай Ағыбай батырдың 210 жылдығына орай өткізілген айтыста Бас жүлде (2012) иеленген.

Пікірлер(1)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *