Басты бет Жазбанұсқа Р.Қайыртайұлы: «Басқасы басқа енді азат елдің, Ақшасы шығу керек бір-ақ тілде»
Р.Қайыртайұлы: «Басқасы басқа енді азат елдің, Ақшасы шығу керек бір-ақ тілде»

Р.Қайыртайұлы: «Басқасы басқа енді азат елдің, Ақшасы шығу керек бір-ақ тілде»

 130 0

16-17 желтоқсан күндері Орал қаласында «NurOtan» партиясының қолдауымен, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің және БҚО Әкімдігі ұйымдастыруымен «Тұғыры биік тәуелсіздік» атты Республикалық қорытынды «Алтын домбыра» айтысы өтіп, нәтижесінде Рүстем Қайыртайұлы VIII «Алтын домбыра» иегері атанған болатын. Назарларыңызға Рүстем Қайыртайұлының айтыста айтқан айшықты шумағын ұсынамыз.

Рүстем Қайыртайұлы:

Ешқашан болмау керек бұғат тілде.
Бұғат болса қылқынар бір-ақ күнде.
Сынасаңдар сындарлы сынаңдар деп,
Уа, Жүке, бізге ұрсып ең сынап бірде.
Қисынды уәждерім бар менің бүгін,
Қисық болса тыңдама, құлақ түрме.
Доллар тек ағылшынша шығады екен,
Көк қағаз керек емес бірақ кімге?
Юань Қытайша, ал рублей тек орысша
Тарайды ұнатпадың, ұнаттың не.
Ол түгіл өзбектердің сумдары да
Өлсең өл тек өзбекше шығад тілде.
Ал, біздің теңгеміз де айыр тілді
Қадірі бара жатқан құлап мүлде.
Не деген көңілшектік, көнгіштік бұл?
Қойылады дәл осы сұрақ кімге?
Тек қазақша жазылса теңгемізде
Басқа ұлттар барар дейсің жылап кімге?
Сандарын үйренер ед қазақ тілдің
Нандарын жеуі үшін сұрап күнде.
Қай елде жүргендерін балпаң басып
Сәт сайын сезер еді тұрақ түрде
Тәуелсіздік күнінде талабым сол
Болуы үшін мақсат пен мұрат бірге.
Басқасы басқа енді азат елдің,
Ақшасы шығу керек бір-ақ тілде.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *