Басты бет Жазбанұсқа Ж.Бұлғақов: «Бір бала жарық дүниемен қоштаса ма,Бір көшенің жарығын жағу үшін?!»
Ж.Бұлғақов: «Бір бала жарық дүниемен қоштаса ма,Бір көшенің жарығын жағу үшін?!»

Ж.Бұлғақов: «Бір бала жарық дүниемен қоштаса ма,Бір көшенің жарығын жағу үшін?!»

 207 0

16-17 желтоқсан күндері Орал қаласында «NurOtan» партиясының қолдауымен, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің және БҚО Әкімдігі ұйымдастыруымен «Тұғыры биік тәуелсіздік» атты Республикалық қорытынды «Алтын домбыра» айтысы өтіп, нәтижесінде Рүстем Қайыртайұлы VIII «Алтын домбыра» иегері атанған болатын. Назарларыңызға айтыстың алғашқы жұбында Жансая Мусинамен айтысқан Жандарбек Бұлғақовтың айтқан айшықты шумағын ұсынамыз.

Жандарбек Бұлғақов:

Жанымды садаға деп арым үшін,
Айтайын бір ақиқат бәрің үшін.
Мемлекеттің байлығы адам деген,
Ата Заңның жойғандай заңы күшін.
Біздегі өлім, жітім көрсеткішін,
Көргенде өртенеді жанып ішің.
Екі өлімнің біреуі қамсыздықтан,
Мемлекет атқармай тұр анық ісін.
Мысалы, бес нәресте өртенбесе,
Жиырма бір мың бермес еді халық үшін.
Ақтөбенің жөндеп ек лифтісін,
Сол жерде өлімге ұшқан ару үшін.
Шамалғанда автобусты пойыз қағып,
Бір отбасы жоғалтты бақ-ырысын.
Сол жерге енді көпір саламыз деп,
Шенділер жуып-шаймақ қан уысын.
Апаттың болатынын біле тұра,
Арыстың күтіп жүрдік жарылысын.
Оралда он жасар қыз опат болды,
Көшенің жанбай қалған жарығы үшін.
Дәрмен қып дер кезінде ішпеген соң,
Бойыңа дарыта ма дәрі күшін?
Сонда біздің мемлекет адам өлмей,
Жақсылық жасамай ма қауым үшін?
Бір бала жарық дүниемен қоштаса ма
Бір көшенің жарығын жағу үшін?!

aitysker.org

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *