Басты бет Жазбанұсқа Ж.Мусина: «Көк шарды көтереміз деп жүргенде, Құлатып алмайық көк туымызды»
Ж.Мусина: «Көк шарды көтереміз деп жүргенде, Құлатып алмайық көк туымызды»

Ж.Мусина: «Көк шарды көтереміз деп жүргенде, Құлатып алмайық көк туымызды»

 514 0

16-17 желтоқсан күндері Орал қаласында «NurOtan» партиясының қолдауымен, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің және БҚО Әкімдігі ұйымдастыруымен «Тұғыры биік тәуелсіздік» атты Республикалық қорытынды «Алтын домбыра» айтысы өтіп, нәтижесінде Рүстем Қайыртайұлы VIII «Алтын домбыра» иегері атанып, Мұхтар Ниязов III «Айтыс ақтаңгері» атанған болатын. Назарларыңызға айтыстың алғашқы жұбында Жандарбек Бұлғақовпен айтысқан Жансая Мусинаның айтқан айшықты шумағын ұсынамыз.

Жансая Мусина:

Арнайық тақырыпқа жырымызды,
Сайратты тәуелсіздік тілімізді.
Бұл жолда аянбаған бабаларым,
Көтерді нар атандай жүгімізді.
Қазақтың еркіндігі қанмен келді,
Батырлар түсірмеді құнымызды.
Желтоқсан келген сайын еске аламыз,
Қайраттай қайсар мінез ұлымызды.
Желтоқсан еске салад(ы) Сəбира мен
Лəззəттай ерте солған гүлімізді.
Солардың арқасында ұмытпаймыз,
Келеміз мемлекет құрып ізгі.
Ал бүгін бейбіт күннің батырлары,
Біріміз тыңдамаймыз бірімізді.
Қит етсе үкіметке қарсы шауып,
Алаңда өткіземіз күнімізді.
Осыны пайдаланып бəзбіреулер,
Іріткі сап үдетеді шуымызды.
Біз неге қазақты жеп қашып кеткен,
Тыңдаймыз шетелде отқан қуымызды?
Ағайын сақтық керек, бірлік керек,
Басайық қызған кезде буымызды.
Көк шарды көтереміз деп жүргенде,
Құлатып алмайық көк туымызды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *