Басты бет Жазбанұсқа С.Құсанбаев: «Ертең-ақ кетер еліне, Толтырып алып қалтасын»
С.Құсанбаев: «Ертең-ақ кетер еліне, Толтырып алып қалтасын»

С.Құсанбаев: «Ертең-ақ кетер еліне, Толтырып алып қалтасын»

 879 0

16-17 желтоқсан күндері Орал қаласында «NurOtan» партиясының қолдауымен, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің және БҚО Әкімдігі ұйымдастыруымен «Тұғыры биік тәуелсіздік» атты Республикалық қорытынды «Алтын домбыра» айтысы өтіп, нәтижесінде Рүстем Қайыртайұлы VIII «Алтын домбыра» иегері атанып, Мұхтар Ниязов III «Айтыс ақтаңгері» атанған болатын. Назарларыңызға айтыстың екінші жұбында Айбек Қалиевпен айтысқан Серік Құсанбаевтың айтқан айшықты шумағын ұсынамыз.

 

Серік Құсанбаев:

Тұмаша тұнық туған жер,

Алтыннан қымбат әр тасың.

Шұбалаңдаған көк түтін,

Есебі жоқ көп түтін

Кептірген елдің аңқасын.

Амалын елім таппасаң,

Зардабын ертең тартасың.

Парламенттің төрінде,

Миллиондап айлық алатын

Депутат дейтін дөкейлер,

Осыны неге айтпайды,

Езе бермей малтасын?

Шетелден келген шегір көз,

Іргеңнен шыққан сығыр көз,

Ананың зарын не қылсын,

Баланың зарын не қылсын?

Ертең-ақ кетер еліне,

Толтырып алып қалтасын.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *