Басты бет Айтыскер ақындар КҮЗЕМБАЕВ Иран – Ғайып Айқынбайұлы

КҮЗЕМБАЕВ Иран – Ғайып Айқынбайұлы

 846 0

Иран Гайып

         1984 жылы 12 наурызда Қызылорда облысы Шиелі ауданы Балаби ауылында дүниеге келген. Балаби ауылындағы Абай атындағы № 50 қазақ орта мектебінде оқыған (1990-2001). Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті Педагогика факультеті «Дәстүрлі музыкалық өнер»кафедрасының түлегі ( 2002-2006 ). «Қазақстан» ТРК, «Қазақ радиосында» редактор (2007-2009), ҚР Мәдениет және Ақпарат министрлігінің жанынан ашылған «Айтыс» бөлімінде қызмет еткен (2012), 2013 жылдан бастап «Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің халықаралық Одағында» еңбек етеді.

         Қызылорда облысында өткен «Ауылым алтын бесігім» атты Республикалық айтыста ІІ орын (2003), Астанада өткен «Ана тілім ардағым» атты айтыста ІІІ орын (2007), Қарағанды облысы Шет ауданының 80 жылдығына орай өткізілген Республикалық айтыста ІІ орын (2008), Қызылорда облысында Ә. Тәжібаевтың 100 жылдығына, Иман Жүсіптің 180 жылдығына арналған айтыста ІІ орын (2009), Астана қаласының 13 жылдығына арналған Республикалық айтыста ІІІ орын (2011) иеленген. Қызылорда облысында өткен Тұңғыш президентке арналған айтыстың жеңімпазы (2012).

Иран-Ғайып Күзембаев пен Ержан Әміровтың айтысы (2013) бейне

Иран-Ғайып Күзембаев пен Мақсат Ақановты айтысы (2014) жазба

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *