Басты бет Жазбанұсқа А.Қалиев: «Қарыз болса Аллаға қарыз шығар, Ал, тарихқа қазақтың қарызы жоқ»
А.Қалиев: «Қарыз болса Аллаға қарыз шығар, Ал, тарихқа қазақтың қарызы жоқ»

А.Қалиев: «Қарыз болса Аллаға қарыз шығар, Ал, тарихқа қазақтың қарызы жоқ»

 343 0

16-17 желтоқсан күндері Орал қаласында «NurOtan» партиясының қолдауымен, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің және БҚО Әкімдігі ұйымдастыруымен «Тұғыры биік тәуелсіздік» атты Республикалық қорытынды «Алтын домбыра» айтысы өтіп, нәтижесінде Рүстем Қайыртайұлы VIII «Алтын домбыра» иегері атанып, Мұхтар Ниязов III «Айтыс ақтаңгері» атанған болатын. Назарларыңызға айтыс алдында Мемлекет басшысының Жарлығымен «Құрмет» орденімен марапатталған, айтыстың екінші жұбында Серік Құсанбаевпен айтысқан Айбек Қалиевтің айтқан айшықты шумағын ұсынамыз.

Айбек Қалиев:

«Тәуелсіз ел болсақ» деп тарығып ек,

Аңсаумен азат таңды зарығып ек.

Бұл фәниде қаншалық қасірет болса,

Ол жайлы бұл қазақтың танымы көп.

Жалғанда біз көрмеген зұлмат бар ма,

Алаштың Аллаға айтар арызы көп.

Алған соң қанмен өтеп, жанмен өтеп,

Біз үшін азаттықтың қадірі көп.

Қарыз болса Аллаға қарыз шығар,

Ал, тарихқа қазақтың қарызы жоқ.

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *