Басты бет Жазбанұсқа Б.Асқаров: «Ағайын соншалықты қимайтындай, Чапаев байбақты ма, беріш пе еді?»
Б.Асқаров: «Ағайын соншалықты қимайтындай, Чапаев байбақты ма, беріш пе еді?»

Б.Асқаров: «Ағайын соншалықты қимайтындай, Чапаев байбақты ма, беріш пе еді?»

 256 0

16-17 желтоқсан күндері Орал қаласында «NurOtan» партиясының қолдауымен, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің және БҚО Әкімдігі ұйымдастыруымен «Тұғыры биік тәуелсіздік» атты Республикалық қорытынды «Алтын домбыра» айтысы өтіп, нәтижесінде Рүстем Қайыртайұлы VIII «Алтын домбыра» иегері атанып, Мұхтар Ниязов III «Айтыс ақтаңгері» атанған болатын. Назарларыңызға айтыстың үшінші жұбында Әсем Ережеқызымен айтысқан Бекзат Асқаровтың айтқан айшықты шумағын ұсынамыз.

Бекзат Асқаров:

Мен келдім аламанда тебіскелі,

Келгем жоқ қызық қуып, жеп, ішкелі.

Жайлаған «Бөкей Орда» маң даласын,

Мыңғырған малға толы өрістері.

Аспан көзге көрсетіп айбаттарын,

Өліспеді, ешқашан беріспеді.

Ата жаумен шайқасқан атқа қонып,

Датұлының белгілі ер істері.

Дұшпанына мейірбан ел екенсің,

 Ұмытпас бөліп жеген «бөлішкені».

Вокзалыңнан Чапаев тосып алды,

Ағайын бұл істерің келіспеді.

Сырым батыр тұратын жөні бар ед(і),

Ұрпаққа үлгі болған жеңістері.

Болмаса Әлия мен Мәншүк тұрсын,

Қайтарған кектеріңді немістегі.

Батырларды биікке көтеріңдер,

Ұлт үшін құрбан болған еңістегі.

Ермактың ескерткішін құлатты әкем,

Дей алам мен бүгін ол «жөн істеді».

Ағайын соншалықты қимайтындай,

Чапаев байбақты ма, беріш пе еді?

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *