Басты бет Жазбанұсқа Әсем Ережеқызы 40 жаста
Әсем Ережеқызы 40 жаста

Әсем Ережеқызы 40 жаста

 334 0

Бүгін айтыстың көрігін қыздырып жүрген көрікті қыздардың бірі, Халықаралық, республикалық ақындар айтысында бірнеше мәрте өнер көрсетіп, жүзден жүйрік атанған Әсем Ережеқызының туған күні.

Ақынды «Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің халықаралық Одағы» РҚБ,  «Aitysker» ақпараттық порталының ұжымының атынан шын жүректен құттықтап, деніне саулық, отбасына амандық, шығармашылығына табыс тілейміз.

Назарларыңызға ақынның VIII «Алтын домбыра» айтысында айтқан айшықты шумағын ұсынамыз:

 Әсем Ережеқызы:

Ақындар танытса екен шеберлігін,
Арқалап келгеннен соң өлең жүгін.
Мейрамы тәуелсіздік құтты болсын,
Мəні мен мағынасы терең мұның.
Бірлік пен берекеден айрылмаған,
Елімнің ертеңіне сенем мығым.
«Қос басшы билеп жүр», деп «қазақ елін»,
Əр түрлі сөз айтып жүр көп ел бүгін.
Еңбегі елбасының елеулі ғой,
Береді тарих оның бедел, құнын.
Кешірткен кредитін көпшіліктің,
Біледі ел Тоқаевтың көп ерлігін.
Бозторғай қой үстіне жұмыртқалап,
Таңымыз тыныш атқан кезең бүгін.
Ақындар қару емес домбыра алып,
Айтып жүр сахнада өлең, жырын.
Осыдан бізді құдай айырмасын,
Танытар кезең қазір ел елдігін.
Ерлерге ел басқарған берсін Аллам,
Керей мен Жəнібектің кемелдігін.

aitysker.org

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *