Басты бет Жазбанұсқа Ш. Сезімхан: «Тәуелсіздік тұғырлы болар еді…»
Ш. Сезімхан: «Тәуелсіздік тұғырлы болар еді…»

Ш. Сезімхан: «Тәуелсіздік тұғырлы болар еді…»

 100 0

16-17 желтоқсан күндері Орал қаласында «NurOtan» партиясының қолдауымен, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің және БҚО Әкімдігі ұйымдастыруымен «Тұғыры биік тәуелсіздік» атты Республикалық қорытынды «Алтын домбыра» айтысы өтіп, нәтижесінде Рүстем Қайыртайұлы VIII «Алтын домбыра» иегері атанып, Мұхтар Ниязов III «Айтыс ақтаңгері» атанған болатын. Назарларыңызға айтыстың төртінші жұбында Аспанбек Шұғатаевпен айтысқан Шұғайып Сезімханның айтқан айшықты шумағын ұсынамыз.

Шұғайып Сезімхан:

Тұрғанда көмейден жыр ағылар шақ,

Бүгінгі тақырыпты қабыл алсақ.

Азаттық — ол көзіңнің қарашығы,

Бабалар зорға жеткен арып, аршап.

Бірақ, әлі көп елге тәуелдіміз,

Мысалдап байыбына әрі барсақ.

Жапонның көлігіне тәуелдіміз,

Мінетін темір тұлпар танып алсақ.

Қытайдың тауарына тәуелдіміз,

Базардан арзан заттар барып алсақ.

Орыстың жарағына тәуелдіміз,

Соғысқа қорғанатын қару алсақ.

Қырғыздың киіміне тәуелдіміз,

Шапанын ап, иыққа жауып алсақ.

Өзбектің жемісіне тәуелдіміз,

Базардан көкөніс пен қауын алсақ.

Дамыған отыз елге кірер едік,

Өндіріс, өнеркәсіп салып алсақ.

Тәуелсіздік тұғырлы болар еді,

Осы тәуелділіктен арыла алсақ.

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *