Басты бет Жазбанұсқа Шалқарбай ізбасаров 31 жаста
Шалқарбай ізбасаров 31 жаста

Шалқарбай ізбасаров 31 жаста

 110 0

Бүгін Халықаралық, республикалық ақындар айтысында бірнеше мәрте өнер көрсетіп, жүзден жүйрік атанған Атыраулық ақын Шалқарбай Ізбасаровтың туған күні.

Ақынды «Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің халықаралық Одағы» РҚБ,  «Aitysker» ақпараттық порталының ұжымының атынан шын жүректен құттықтап, деніне саулық, отбасына амандық, шығармашылығына табыс тілейміз.

Назарларыңызға ақынның VIII «Алтын домбыра» айтысында айтқан айшықты шумағын ұсынамыз:

Шалқарбай Ізбасаров:

Соншама сынайтындай не қылдым мен?
Кемшілікті айтқанда жаным кірген.
Сен құсап әр нәрсенің басын шалып,
Әлек болып қайтеді әлін білген.
Сәбилердің өлімін сөз қыласың,
Оған қатты қайғырып, ауырдым мен.
Дәрігерлер қауымын ақтамаймын,
Аналардың көз жасын сауып жүрген.
Еш қысылмай сәбидің туа сала,
Жер қойнына тапсырған тәнін бірден.
Абзал жан емес олар арсыз жандар,
Мұздатқышқа апарып салып жүрген.
Опасыздар құтылып кетпесе екен,
Аса ауыр қылмысқа барып жүрген.
Өмір бойы түрмеге жабу керек,
Жазаларды қолданып ауыр мүлдем.
Бұл Мұхтар бәрімізге ортақ қайғы,
Маған жауып қайтесің бәрін бірден.
Балықтың қырылғанын мен де айтқанмын,
Жайықтың сырын жан жоқ кәміл білген.
Молдеке, бір Алладан дұға тіле,
«Қазақты жолықтыр» деп «тәуір күнмен».
Әйтпесе  айтудай-ақ айтып жүрмін,
Билік жоқ назарына алып жүрген.
Құрдас-ау, менің сөзім заң емес қой,
Айта сала шешімін тауып жүрген.
Депутат, министрді көріп пе едің,
«Шалқарбай айтты» екен деп шауып жүрген?!

aitysker.org

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *