Басты бет Жазбанұсқа Айтыскер ақын Тілеген Әділовтың «Қара шана» өлеңі
Айтыскер ақын Тілеген Әділовтың «Қара шана» өлеңі

Айтыскер ақын Тілеген Әділовтың «Қара шана» өлеңі

 295 0

Айтыскер ақын Тілеген Әділовтың жазба өлеңі

Қара шана

Қара жерге қар түсіп қарашада,

Жауған қарға мәз болып бала-шаға.

Қырбық қардың үстімен сырғып барады,

Қара бала сүйреген қара шана.

Ойнасам ба, қосылып бала құсап…

Жаяр дейсің кім маған дара құшақ?

Уақыт сырғып барады, уақыт сырғып,

Қара бала сүйреген шана құсап.

Қара шана із салып бара жатыр,

Салған ізін қар көмер – қара да тұр.

Қарсы алдынан күтіп тұр, қара тақыр,

Қара тақыр дегенім қара жер ғой,

Қара жерге тіреліп қалады ақыр…

Тотығарсың, бозарып ағарасың,

Мейлі жаның шөліркеп қаталасын.

Табақтас боп жүргендер тарылса егер,

Кім бере қояр дейсің адал асын?!

Бұл тірліктің ақ қары таусылғанда,

Қара жерге сенде ертең қадаласың.

Қара шілік, қалтырап дала сұлық,

Қара суға мұз қатқан, қара суық,

Ойнап жүріп білмеді күн батқанын,

Қар мен терге су болып қара шұлық.

Қарасы үйдің көрінбей қалған кезде,

Қараша үйге жүгірді аласұрып.

Әлгі бала білмеді күн батқанын.

Ымырт жайлап, жапқанын түн қақпағын.

Аттамаған ешкімнің ала жібін,

Таптамаған бала ғой мұң батпағын.

…Қалаға тұр тұмсығын түн матырып.

Аспандағы ай сұлық сырға тұнып.

Дүниенің шанасын сүйреп жүріп,

Бізде бір күн алармыз күн батырып.

Тілеген ӘДІЛОВ

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *