Басты бет Айтыстар «Адамзаттың алыбы — хәкім Абай» атты республикалық айтыс өтеді
«Адамзаттың алыбы — хәкім Абай» атты республикалық айтыс өтеді

«Адамзаттың алыбы — хәкім Абай» атты республикалық айтыс өтеді

 215 0

Құрметті айтыс сүйер ағайын!

Ақпан айының 8-і күні елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында «Nur Otan» партиясының қолдауымен «Рухани жаңғыру» жобасы аясында, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерекесіне орай өтетін «Адамзаттың алыбы — хәкім Абай» атты республикалық ақындар айтысына шақырамыз.

Аламан айтысқа Рүстем Қайыртайұлы, Мұхтар Ниязов, Тілеген Әділов, Еркебұлан Қайназар, Дидар Қамиев, Әсем Ережеқызы, Шалқарбай Ізбасаров, Қалижан Білдәшев, Серік Қуанғанұлы, Нұрзат Қару, Ершат Қайболдин, Болатбек Оразбаев, Мейірбек Сұлтанхан, Марат Ахметов, Рауан Қайдаров, Нұрлан Есенқұлов сынды елімізге танымал 16 ақын қатысып, бақ сынасатын болады.

     Жыр жәрмеңкесін «Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің Халықаралық Одағының» Басқарма төрағасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, М.Мақатаев атындағы сыйлықтың екі мәрте иегері ,ақын Жүрсін Ерман жүргізеді.

Өтетін орны және уақыты:

Нұр-Сұлтан қаласы, «Астана» концерт залында 8 ақпан күні сағат 14:00 де өтеді.

Билеттер «Астана» концерт залының кассасында сатылады

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *