Басты бет Жаңалықтар Рүстем Қайыртайды Ақсуат жұртшылығы құттықтап, ат мінгізді
Рүстем Қайыртайды Ақсуат жұртшылығы құттықтап, ат мінгізді

Рүстем Қайыртайды Ақсуат жұртшылығы құттықтап, ат мінгізді

 189 0

Бүгін VIII «Алтын домбыра» иегері Рүстем Қайыртайға туған жері Ақсуат өңірі арнайы іс-шара жасап «Алтын домбыра» жүлдесімен  құттықтады. Ол туралы Рүстем Қайыртай өз әлеуметтік парақшаларында былай деп жариялады:

«Өсіп-өнген ауылым Ақсуат өңірі, Тарбағатай ауданы “Алтын домбыра” жүлдемді айшықтап, үлкен іс-шара өткізді. Аудан әкімі Серікқазы аға басшы, ел ағалары қосшы боп қос-қостан ат мінгізіп, шапан жапты. Ең бастысы ыстық ықылас пен көлдей көңілге раза болдық. Ерім дейтін ел болмаса, біз кімге керекпіз?! Шашу шашып, тілек білдіріп, алқалаған жерлестеріме басымды иемін. Ел аман болсын. Ауылымыздың берекесі бұзылмасын, біз қызметке дайынбыз. Толқып не жазарымды білмей отырмын. Кеңірек жазармын кейін.» 

Ақынды «Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің халықаралық Одағы» РҚБ,  «Aitysker» ақпараттық порталының ұжымының атынан шын жүректен құттықтап, деніне саулық, отбасына амандық, шығармашылығына табыс тілейміз.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *