Басты бет Жазбанұсқа Рүстем Қайыртайұлы 34 жаста
Рүстем Қайыртайұлы 34 жаста

Рүстем Қайыртайұлы 34 жаста

 271 0

Бүгін Халықаралық, республикалық ақындар айтысында бірнеше мәрте өнер көрсетіп, жүзден жүйрік атанған, VIII «Алтын домбыра» иегері Рүстем Қайыртайұлының туған күні.

Ақынды «Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің халықаралық Одағы» РҚБ,  «Aitysker» ақпараттық порталының ұжымының атынан шын жүректен құттықтап, деніне саулық, отбасына амандық, шығармашылығына табыс тілейміз.

Назарларыңызға ақынның VIII «Алтын домбыра» айтысында айтқан айшықты шумағын ұсынамыз:

Рүстем Қайыртайұлы:

Сөйлейтін халықпыз ғой зерлеп тұрып,
Тілменен тау шөктіріп, көл кептіріп.
“Немкетті” деген сөз бар қазақтарда,
Қоғамға алған қазір дендеп кіріп.
«Нем кетті директор боп көрейін» деп,
Жүрген көп еңбек етпей, терлеп тұрып.
«Нем кетті режиссер боп көрейін» деп,
Киноны әркімдер жүр ермек қылып.
«Немкетті» деп жол салған мердігерлер,
Асфальтты жүр жыл сайын жөндеттіріп.
«Немкетті» деп дәрігер болғандарға,
Дертімді жүрмін кейде емдеттіріп.
Міне осы немкеттінің кесірі ғой
Қоғамды тұрған біздің кері кеттіріп.
Етікші егін егіп есіркемес,
Жылқышы жарылқамас көйлек тігіп.
Әр адам әлін білген Аязбидей,
Жүрмесе әліне сай еңбек қылып.
Мемлекеттің түбіне мына біздің
Түбінде жетеді осы «немкеттілік»!

Сөйлейді қазақ рас нақышты ғып,
Тіке айтпай тігісін жатыстырып.
“Атүсті” деген сөз бар тағы да бір,
Мектепке кеткен қазір оқыс кіріп.
Атүсті жазылуда көп оқулық,
Оқушының шығысын батыс қылып.
Атүсті байқаулар бар балалардан,
Ақша жинап алатын қатыстырып.
Атүсті салып тіпті туалетті,
Қорқаулар кетті өткенде жат іс қылып.
Атүсті сөйлеседі кей мұғалім,
Өз халқын жалқау, сараң, тақыс қылып.
Алаш емес ол бала өседі ертең,
Арманын Европа мен АҚШ қылып.
Болашақ атқамінер балаларды,
Шыбық кезде жіберсек шатыстырып.
Оларды ертең атынан түсіреді,
Тәрбие ісіндегі «атүстілік»!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *