Басты бет Жаңалықтар «Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің халықаралық Одағының» Нұр-Сұлтан қалалық филиалы ашылды
«Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің халықаралық Одағының» Нұр-Сұлтан қалалық филиалы ашылды

«Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің халықаралық Одағының» Нұр-Сұлтан қалалық филиалы ашылды

 1 136 0

Бүгін елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында «Nur Otan» партиясының қолдауымен, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ұйытқы болуымен «Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің халықаралық Одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Нұр-Сұлтан қалалық филиалы ашылды. Филиал Нұр-Сұлтан қалалық «Жазушылар үйі» ғимаратынан орын алды.

      Салтанатты рәсімге арнайы Алматы қаласынан Одақтың басқарма төрағасы Жүрсін Ерман, «Nur Otan» партиясы Орталық аппараты Саяси жұмыс департаментінің директоры Қарабалаев Ерлан мен «Nur Otan» партиясы Орталық аппараты Саяси жұмыс департаментінің бас консультанты Жаулыбаев Еркебұлан келіп қатысып, өз құттықтауларын білдіріп, филиалды ресми түрде ашып берді.

      Жиынға Нұр-Сұлтан қаласындағы аға буын айтыскерлер мен жас айтыскерлер түгелдей дерлік қатысты. Жүрсін Ерман бұл филиалдың ашылуын тарихи оқиға деп атады.

      Ашылу салтанаты барысында жиналыс өткізіліп, алдағы жыл бойына жоспарланып отырған айтыстар жайлы талқылау жасалынды.

      Қонақтарды «Қазақстан жазушылар одағы» Нұр-Сұлтан қалалық филиалының директоры, айтыскер ақын Дәулеткерей Кәпұлы ғимаратта орналасқан кітапхана, оқу, демалыс бөлмелерімен таныстырды.

      Филиал төрағасы болып аға буын айтыскерлердің бірі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент, Серікзат Дүйсенғазы тағайындалды. 

       Сондай-ақ жиын соңында Одақтың басқарма төрағасы Жүрсін Ерман бұл филиал Нұр-Сұлтан қаласының ақындары мен қонақтарының маңдай тірейтін екінші үйі болатынын айтып, ақындарға ақ батасын берді.

Мұхит Бабақұл                              aitysker.org

Фоторепортаж:

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *