Басты бет Айтыскер ақындар КАМАЛИЕВА (Әлкенбаева) Құралай Қалиятқызы

КАМАЛИЕВА (Әлкенбаева) Құралай Қалиятқызы

 742 0

dfdfКАМАЛИЕВА  (Әлкенбаева) Құралай Қалиятқызы        

1975 жылы Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының  Жаңа ауыл ауылында туған. Жаңа ауыл ауылында М.Горький атындағы орта мектепті бітірген (1982-1992). 1992-1993 жыл аралығында осы ауылдағы мәдениет үйінде қызмет істеді.

Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінің музыка бөлімін   «Музыка мұғалімі және музыка жетекшісі» мамандығы бойынша (1993 -1998), С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінің «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығы бөлімін  қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі біліктілігі бойынша үздік дипломмен тәмамдаған (2005-2007 ).

Өскемен қаласындағы Облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында кітапханашы (1998-2003), ШҚМУ-нің «Ақындар мектебінің» жетекшісі  (2003-2005 ), 2005 жылдан бастап Облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасындағы қызметін жалғастырды. Бүгінде осы кітапхананың бас кітапханашысы.

1987 жылдан бастап аудандық, облыстық, республикалық ақындар айтыстарына қатысып, бірнеше рет жеңмпаз, жүлдегер болды.

 

 

 

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *