Басты бет Негізгі бет Болатбек Оразбаев 34 жаста
Болатбек Оразбаев 34 жаста

Болатбек Оразбаев 34 жаста

 183 2

Бүгін Халықаралық, республикалық ақындар айтысында бірнеше мәрте өнер көрсетіп, жүзден жүйрік атанған, Болатбек Оразбаевтың туған күні.

Ақынды «Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің халықаралық Одағы» РҚБ,  «Aitysker» ақпараттық порталының ұжымының атынан шын жүректен құттықтап, деніне саулық, отбасына амандық, шығармашылығына табыс тілейміз.

Назарларыңызға ақынның айтыста айтқан айшықты шумағын ұсынамыз:

Болатбек Оразбаев:

Алғаның болса ақылсыз,
Жібекті қылар жүн түбіт.
Сарт емеспіз нәсілсіз,
Есекті мінген жылқы қып.
Тегім асыл қазақ ем,
Түп төркінім түркілік.
Батырлығымнан бар ғалам,
Тітіркенген түршігіп.
Айым туған оңымнан,
Алдымнан алтын күн шығып.
Қастық қылған дұшпаным,
Өз қанына өлген тұншығып.
Еркіндікпен егіз ел едім,
Иемденген жерім ен дала
Иек асты жерім күншілік.
Мына біздің қазақтың,
Төресі билеп тірісін
Қожасы билеп өлісін
Қылғаны бес уақыт құлшылық.
Қағидаға бағынған,
Кәлимаға тіл сынып.
Ардан безген адамды,
Атқа теріс мінгізген
Ағайынға күлкі қып.
Дала заңын сақтанғам,
Данышпандардың ғұрпы қып.
Ақ боз үйім тұратын,
Ақ сарайдай құлпырып.
Абызым төрге жайғасып,
Ақсұңқар құстай сілкініп.
Аңыздан тартып сөз сөйлеп,
Ақындар тілден жыр сығып.
Қос ішекте күй ойнап,
Қобыз боп кеудем күрсініп.
Бәйбішелерім тұратын,
Дидарына таңғы нұр сіңіп.
Құрсағы алтын аналар,
Қошқар шекелі ұл туып.
Ене көрген келіндер,
Ерінен тұрған іркіліп.
Ұлт қамына келгенде,
Ұлдары тұрған құлшынып.
Қызылы ойнап бетінде,
Қыздары тұрған қымсынып.

Кетті сол заман келмеске,
Алайын соны енді еске.
Амал не беріп арқасын,
Адасып Алаш кері кетсе.
Батырың болды баукеспе,
Әлдилеп сүйген жалғызың,
Есерсоқ болды ер жетсе.
Қылықты қыздың орнына,
Қылымсып келді жезді өкше.
Жезді өкше болмай не болсын,
Жерік боп жатса он бесте.
Ағайының да айналды,
Қал сұрап үйге енбеске,
Аман сәлем бермеске.
Өзімізден көрейік,
Өтпес пышақ қол кессе.
Жабысса солар індет боп,
Жаурайды жаның дірдектеп.
Айығар жолын айтайын,
Ақының нені үлгі етпек.
Оңалар сонда бұл заман,
Құлдық ұрсаң Аллаға
Мұхаммедке үмбет боп.
Адаспайын десеңіз,
Абайды оқы тірнектеп.
Біріңді қазақ бірің дос,
Көріп жүр сыйлап құрметтеп
Мейіріміңнен гүл көктеп.
Қазаққа қазір қажет-ақ,
Қария дейтін бір мектеп.
Ұлтты ойласа ұлығың,
Мүжілмей атан жілігің
Болашақты сол нұрлы етпек.
Сонда біздің міндетке,
Мәңгі ел болатын күн жетпек.

 

Пікірлер(2)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *