Басты бет Жазбанұсқа А.Шұғатай: «Мен қазақтың баласы, Абай менің паспортым»
А.Шұғатай: «Мен қазақтың баласы, Абай менің паспортым»

А.Шұғатай: «Мен қазақтың баласы, Абай менің паспортым»

 423 0

Аспанбек Шұғатай:

Иықтан түсер бас бір күн,

Мәңгілік емес мас күлкің.

Жайылып жатқан жұртым-ау,

Жаманың қайсы, жақсың кім?

Ел үшін кімдер татпаған,

Өмірдің дәмін ашқылтым.

Құнанбайұлы туыпты,

Ұлып жатқанда қасқыр түн.

«Боқтың қабы» дегенді,

Түсіне алмайды тас құлқын.

Тоқаев таққа келгелі,

Бастап жатыр дәстүр тың.

175 жылдығын,

Әлем тойлауда пах, шіркін!

Бөлініп жатқан бюджеттер,

Желініп кетпей астыртын.

Аттан Алаш ендеше,

Шаттан Алаш, шап, сілкін!

Оянып келе жатқандай,

Рухани аш жұртым.

Мен қазақтың баласы,

Абай менің паспортым!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *