Басты бет Жаңалықтар Үшінші жұп болып Болатбек пен Мейірбек шықты
Үшінші жұп болып Болатбек пен Мейірбек шықты

Үшінші жұп болып Болатбек пен Мейірбек шықты

 727 1

Көрермендердің суырған жеребесі арқылы айтыстың үшінші жұбы болып  Алматылық Болатбек Оразбаев пен Қызылордалық Мейірбек Сұлтанхан шықты. Жиен мен нағашы болып айтысқан ақындар көпшіліктің көңілінен шыға білді.

Бірінші болып айтысты Болатбек Оразбаев бастап, Мейірбекке бойдақсың деп тиісті.

Өз кезегін алған Мейірбек Сұлтанхан 

«Абай дейтін Мұхитты шарлау үшін,

Жол тарттық айтыс дейтін кемеменен» — деп айтысты айшықты шумағымен бастады.

«Нағашы мен жиен боп айтысқасын,

Ағайын қиқу салып шап деп отыр.

Болатбек білесің бе бұл Мейірбек,

Айтысқа өз анасын ап кеп отыр.

Қасыңда қарсылас боп мен тұрғанмен,

Қарасай бүгін заллда әпкең отыр.

Білмеймін анашымды уайымдаймын,

Қазір қандай жағдайға тап кеп отыр.

Інісі мен шыққан соң өз баласы,

Қайсына түсінбедім жақ боп отыр.

Баласына тақымын қысқанменен,

Інісіне ішінен шап деп отыр» деп бастап,

«Шаппа-шапты ендеше қыздырайық,

Шайырлықтан шабарсың шамаң кеп бір.

Жиеніңіз қасыңда жалындаса,

Нағашы енді дұрыстап маған бет бұр.

Абайлап отырарсыз бізде қазір,

Нағыз жұрттың жағдайы жаман боп тұр.

Күйеулері басылып есесіне,

Жиендері шулатқан заман боп тұр» деп өз кезегін берді.

Сонда Болатбек сөз алып былай деді:

«Әпкеме айтатұғын өтінішім,

Құлағымның тамырын тап басыңыз.

Мейірбектей өзіңнің балаң емес,

Мейірбектің ұлына жақтасыңыз.» деп жауап береді.

Сонда Мейірбек сөз алып Абайды:

«Бір кезде қағаз ақша болған Абай,

Бұл кезде заманауи даму керек

Теңгемізде жатталып қалмаса да,

Зердемізде жатталып қалу керек» — деп айтысты айшықты шумақтарымен аяқтады

Қазылар алқасының бірыңғай дауысы бойынша келесі айналымға Мейірбек Сұлтанхан өтті.

 

 

Пікірлер(1)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *