Басты бет Жаңалықтар Бесінші жұп болып Рауан мен Нұрзат шықты
Бесінші жұп болып Рауан мен Нұрзат шықты

Бесінші жұп болып Рауан мен Нұрзат шықты

 362 0

Көрермендердің суырған жеребесі арқылы айтыстың бесінші жұбы болып Павлодарлық Рауан Қайдаровпен Қызылордалық Нұрзат Қару шықты.

Сөзді алғашқы болып Рауан Қайдаров бастап:

«Арқа деген киелі құт мекен ғой,

Өміріңді соларға арнайсың ба?

Айтыстың шәйін ішіп жүре бермей,

Шәй құятын келін боп алмайсың ба?» — деп кезегін Нұрзатқа берді.

Сонда Нұрзат:

«Қу тіземді құшақтап өтпеймін ғой,

Мен бүгін бір айланы таба салам.

Қадірімді білетін жігіт болса,

Орта жүзге келін боп қала салам.

Несі айып, Шәкәрім мен Абайдайын,

Бұл жақта өсіп-өнсе бала, шағам» — деп жауап берді.

Сонда Рауан:

«Біреулерің атама кемпір болып,

Біреулерің сыр айтар жеңгемсіңдер.

Мен сені қарындас деп сыйлаймын ғой,

Аға деп артымыздан ергенсіңдер.

Жігіттерді алыстан көздеп жүріп,

Бір оқпен құлататын мергенсіңдер.

Есігін еліміздің біз күзетсек,

Бесігін тербететін сендерсіңдер» — деп айтысты айшықты шумағымен қорытындылады.

7 қазының ішінен 6 дауысқа ие болған Рауан Қайдаров келесі айналымға өтті.

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *