Басты бет Жаңалықтар Алтыншы жұп болып Айтбай мен Мұхтар шықты
Алтыншы жұп болып Айтбай мен Мұхтар шықты

Алтыншы жұп болып Айтбай мен Мұхтар шықты

 747 0

Көрермендердің суырған жеребесі арқылы айтыстың алтыншы жұбы болып Қарағандылық Айтбай Жұмағұловпен Қызылордалық Мұхтар Ниязов шықты.

Айтысты Айтбай Жұмағұлов бастап:

«Алдында қалың елдің жортып тұрсың,

Сөзді айтар елге қортып тұрсың.

Жасыл цветте аварияға түсіп едің,

Байқасам жасыл цветтен қорқып тұрсың» — деп Мұхтарға кезегін береді.

Сонда Мұхтар:

«Айтыстың басты шарты айқасу ғой,

Басты әйгі, жұлмалай бер құлақты әйгі.

Арыстан жал ақындар арқасынан,

Сипалап мүсіркеуді ұнатпайды» — деп жауап берді. 

«Бірімізді біріміз бағалайық,

Арқамыздан ауғанша ғұмыр жүгі.

Өкпеге қиғанменен біздің қазақ,

Өлімге қиған емес бірін-бірі» деп айтысты айшықты шумақтарымен аяқтайды.

Қазылар алқасының бірыңғай дауысымен келесі айналымға Мұхтар Ниязов өтті.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *